04 наурыз 2014 | 19:39

Ғұлама ойшыл мұрасы жастарға біраз ой салды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен студенттендерге арналған "ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап" жобасы аясында Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" кітабы талқыға салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Шара барысында студенттер талқылауға белсенді қатысып қана қоймай, аса көрнекті ойшыл, ғалым, философ, һәм мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы жайында сөз қозғап, оның ішінде "Құтты білік" дастанының мәні мен мазмұнына жан-жақты тоқталды",- деді Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Сабырхан Смағұлов. Ол жиында сондай-ақ, Жүсіп Баласағұн шығармаларының қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, ағартушы Ыбырай Алтынсаринның ой-толғамдарымен үндесетін тұстары да айтылып қалып жатты. Мәселен, филология факультетінің 1-курс студенті Бақтөреев Жанаманның "Ж. Баласағұнның ойы Абаймен үндесе ме?" деп аталатын баяндамасында тың деректер молынан келтірілді. Шығарманы талдау барысында, студенттер қауымы Жүсіп пен Абай еңбектерінде достық, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынас, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұқсастықтың барын анықтады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer