05 наурыз 2014 | 12:37

Қызылқұм шөлінен сауыттар мен дулыға табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сауыт Сауыт

Қызылқұм шөлінен сауыттар табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Болат кеудешелерді жергілікті шопандар тауып алған. Бұл хабар кейін археолог ғалымдардың да құлағына жетіп, тарихи ортаға қызығушылығы бар жұртшылықты елең еткізді. "Бұл дүниелердің мерзімі XVIII ғасырдың басына сәйкес келеді. Ол мезгіл — "Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама" атанған уақыт. Жоңғар шапқыншылығының салдарынан қазақ халқының қынадай қырылып, жұт пен ашаршылықтың құрбанына айналып кете барған кезі", - дейді тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкин. Күнгейдің археологтары Әмудария мен Сырдарияның арасындағы құмнан табылған сауыттар мен дулығаны зерттей келе Қызылқұмда соғыс әрекеттері болған деген болжамға тұрақтады. Қазіргі таңда ғалымдар ішінде осы жарақтардың Қызылқұм даласына қайдан тап болғаны жөнінде бірнеше болжамдар айтылуда. Тарихшы Александр Подушкиннің сөзінше, сауыттар мен дулыға қазақтың батырларына тиесілі болған. Олар осында жоңғарларға қарсы партизандық ұрыстар жүргізген болуы мүмкін. Сауыттың қолданылған уақыты XVIII ғ. басындағы зұлмат жылдарда үдере көшіп, бас сауғалар жер іздеген жұртшылық Сырдарияның сол жағалауындағы осы мекенге тұрақтаған. Подушкиннің бұл ойы жеке пайымға негізделген долбар ғана. Табылға заттар - екі кеудеше, иықты жауып тұратын қаптама мен дулыға. Барлығы да металл сақиналардан тоқылған. Иықты жабатын қаптамалардың сақиналары кеудешенің сақиналарымен салыстырғанда ұсақтау келеді. Тойтарылып жасалған сақиналардың таза қол еңбегі екені көрініп тұр. Шопандардың айтуынша, мұндай теберіктердің Қызылқұм жерінде көптеп ұшырасқанын айтады. Демек, ауданы 300 мың шаршы метрді алып жатқан құмды шөл зерттеуді қажет етеді. Таңқаларлығы, сауыт табылғанымен, ешқандай да қару-жарақ ұшыраспады. Ендігісі, Арал теңізі, Зеравшан аңғары мен Нұратаудың ортасында жатқан өңірге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырылмақ.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer