05 наурыз 2014 | 12:46

Батыс Қазақстанда Жайықтың жағалауы бекітіліп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©azh.kz ©azh.kz

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық қызу жүруде. Нақты айтқанда Бөрлі ауданы Облавка ауылы тұсындағы Жайықтың жағалауын бекіту жұмысы басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Осы елді мекеннің жанынан ағатын Жайық өзені өзінің асау мінезімен көп жылдардан бері жергілікті тұрғындарды үрей құшағында ұстап келген еді. Себебі жыл өткен сайын тасыған су жағалауды опырып, ауылдың шетіне келіп қалған-тұғын. Тіпті, қазір мазарларды шайып кету қаупі туындап тұр. Қала берді республикалық маңызы бар Орал-Орынбор күрежолына Жайық суы 20-30 метр ғана жетпей тұр. Төтенше ахуал жөнінде облыс басшылығы ел Үкіметі алдына бірнеше мәрте мәселе қойды. Енді жағалауды бекітуге қажетті 1 млрд. 200 млн. теңгенің алғашқы бөлігі – 20 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. "Күні бүгін жалпы ұзындығы 2,1 шақырым болатын Жайықтың жағалауын бекіту жұмыстарын бастап кеттік. Әуелі біз көктемгі су тасқынына дейін жарқабақты борпылдақ топырақтан тазартып, болашақта бетон плиталарды бекітуге қажетті қадаларды қағып бітіруіміз керек. Оншақты күнде оны бітіреміз. Күні-түні 120 адам екі ауысымда еңбек етуде. Сосын су тасқыны аяқталғасын күзде жұмыстың қалған бөлігіне кірісеміз. Қажетті материалдар жеткілікті. Жалпы құрылыс аяқталғанда бұл жерде ішіне қиыршық тас толтырылған қос қабатты берік темір тор түріндегі габиондар жүйесі орнатылады. Габиондардың қызмет ету мерзімі өте ұзақ және судың эрозиясына төзімді, бара-бара жергілікті табиғи ландшафтпен сіңісіп кету мүмкіндігі қарастырылған. Жоба бойынша құрылыс 2015 жылы аяқталады", - деді жұмысты атқарушы мердігер "Уральскводстрой" ЖШС-нің вице-президенті Тенгиз Тедеев.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer