07 наурыз 2014 | 17:07

"Шахтер" жеңе ме, әлде "Ақтөбе" айласын асыра ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет ffk.kz сайтынан Сурет ffk.kz сайтынан

9 наурыз күні сағат 14:00-де елордадағы "Астана-Арена" сәулетті стадионында 2014 жылдың маусымашар ойыны өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жыл сайын ел футболының жаңа маусымын суперкубок матчымен ашу бізде де дәстүрге айналған. Биылғы маусымашар суперкубок матчы 9 наурызға белгіленген. Жасыл алаңда өткен маусымдағы Қазақстан чемпионы "Ақтөбе" мен ел кубогының жеңімпазы "Шахтер" (Қарағанды) клубтары додаға түседі. Биылғы суперкубок матчы тіптен қызық болмақ. Екі клубымыз да былтыр Еурокубокта көңілге қонымды өнер көрсеткенін білесіздер. Әсіресе "Шахтер" Еуропаны біраз шулатқан. Әрі екеуі де маусым аралығында құрамдарын екшеп, нығайтып жатыр. Бұл тұрғыда "Ақтөбенің" трансферлері көпшілікті алаңдатуда. Бүгін таңертең Астанада осы екі клубтың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Онда Владимир Никитенко да, Виктор Кумыков та командаларының суперкубоктан дәмелі екендіктерін және жан-жақты дайындалып жатқандықтарын сездірді. Екі команда да жасыл алаңға жеңіс үшін шығатындарын айтып, шиыршық атып отыр. Ең бастысы, екі команда да биыл Еурокубок додаларында былтырғы өнерлерінен де өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, одан да әріге шабуды мақсат тұтып отырғандарын меңзеді. Суперкубок ойыны 9 наурыз күні сағат 14:00-де Сарыарқа төсіндегі "Астана-Арена" стадионында өтеді. Айтпақшы, жанкүйерлер бұл матчқа су тегін кіре алады. Қазақстан футбол федерациясы осы ойынға қазылық ететін төрешілерді кеше ғана жариялады. Маңызды матчта бас төреші қызметін өскемендік Руслан Дүзмамбетов атқарып, оған Самат Тергеусізов пен Сергей Васютин көмектеспек (екеуі де – алматылықтар). Жалпы, Қазақстанда алғаш рет суперкубок ойыны 1995 жылы өткізілген. Онда 1994 жылғы ел чемпионы "Елімай" мен кубогымыздың иегері "Восток" кездескен. Шығысқазақстандық дербиде Семей клубы Өскемен футболшыларынан 2:0 есебімен өктем түскен. Содан кейін біраз жыл суперкубок ойыны өтпей қалды. Тек 2008 жылы ғана қайта сабақталып, 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Енді ел суперкубогының сол қысқа ғана тарихына көз жүгіртейік: 1995 жыл: "Елімай" (Семей) – "Восток" (Өскемен) – 2:0 2008 жыл: "Ақтөбе" – "Тобыл" (Қостанай) – 2:0 2010 жыл: "Ақтөбе" – "Атырау" – 2:0 2011 жыл: "Астана" – "Тобыл" – 2:1 2012 жыл: "Ордабасы" (Шымкент) – "Шахтер" (Қарағанды) – 1:0 2013 жыл: "Шахтер" – "Астана" – 3:2 2014 жыл: "Шахтер" – "Ақтөбе" – ?

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer