21 қаңтар 2014 | 10:32

Мешімбаева сотта бұрынғы әріптестерімен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы жауапты хатшысы Юрий Шоқаманов. Әсел Сатаеваның фотосы ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы жауапты хатшысы Юрий Шоқаманов. Әсел Сатаеваның фотосы

Анар Мешімбаева сотта Статистика агенттігінің бұрынғы жауапты хатшысы Юрий Шоқамановпен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz. №2 Есіл аудандық сотында ведомствоның бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы жалғасып жатыр. "Белгілі бір жеткізушілермен ғана жұмыс істегені үшін Агенттік жұмысшыларының да кінәлі екені дау туғызбайды. Бұл жерде қандай да бір келісім болған. Бірақ мен кімнің қалай келісім жасағанын білмеймін. Дегенмен нақты жеткізушілермен жұмыс істегені үшін кінәлі", - деді Юрий Шоқаманов журналистерге сот тыңдауының сыртындағы әңгімелесу кезінде. Оның айтуынша, қандай жағдай болса да, сол кездегі ұлттық санақ тиісті деңгейде өтті. "Ұлттық санақтың сапасыз өткізілгені жөнінде күмәніміз жоқ. Тек қаражаттың бір бөлігі тиімсіз жұмсалған", - дейді Шоқаманов. Айта кетейік, Юрий Шоқаманов 2007-2010 жылдар аралығында Статистика агенттігінің жауапты хатшысы болды. Сотта Анар Мешімбаева ведомство басшысы болған кезінде Президент Әкімшілігіне бұл қызметке Шоқамановты өзі ұсынғанын айтқан еді. Бүгінде ол - Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика жөніндегі департаментінің директоры және Мәскеуде тұрып жатыр. Агенттіктің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның Қылмыстық кодекстің "Қымқыру" және "Қызметтік уәкілеттігін теріс пайдалану" баптары бойынша айыпталып отырғанын еске салайық. Оған қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың 13 қаңтарында қозғалды. Екі жылдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Өткен жылдың қыркүйек айында Мешімбаева Қазақстанға экстрадицияланды. Желтоқсанның 4-інде бұрынғы шенеунік сот алдына келді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer