А.Тажаяқовтың әкесі фракция қатарынан шығарылды

viewings icon 301 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото bnews.kz сайтынан Фото bnews.kz сайтынан

Атырау қалалық мәслихатының депутаттары өткен жылы АҚШ-тың Бостон қаласында болған лаңкестік әрекетке қатысы бар затты айғақтарды жойғаны үшін айыпталған қазақстандық студенттердің бірі - Азамат Тажаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұловты "Нұр Отан" партиясы фракциясынан шығару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Айта кетейік, АҚШ-тың Массачусетс университетінің студенттері болған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты өткен жылы қамауға алған болатын. Оларға 2013 жылы сәуірдің 15-і күні Бостон марафоны барысында лаңкестік әрекет ұйымдастырған кіші Царнаев - Джохармен байланысы бар деген айып тағылды. Сосын олардың АҚШ-тың визалық тәртібін бұзғаны анықталды. Ал 2013 жылы мамырдың 1-і күні А.Тажаяқов пен Д.Қадырбаев лаңкестік әрекетке қатысы бар айғақтарды жойып, тергеу амалдарына тосқауыл болғаны үшін айыпталды. Сол үшін олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін. Бүгінде өз кінәларын мойындаған жоқ. Ағымдағы жылы қаңтардың 15-сі күні өткен кезекті сот отырысында алқа билер сотын маусымның 23-і күні өткізу жөнінде шешім шығарылды. Атырау қалалық мәслихатының депутаттары болса, сол лаңкестік әрекет үшін емес, "Нұр Отан" партиясы фракциясының соңғы отырыстарына қатыспағаны үшін А.Тажаяқовтың әкесі, депутат Ә.Ысмағұловты фракция құрамынан шығару туралы шешім қабылдады. "Нұр Отан" партиясының Атырау қалалық бөлімшесі хабарлағандай, депутат Ә.Ысмағұлов фракция құрамынан шығарылса да, депутаттық өкілеттігі тоқтатылмайды. Себебі ондай шешім партияның құзіретін кірмейді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

10°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю