10 наурыз 2014 | 15:05

Ресей ғарышкерлері мінген кеме Жерге оралады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Халықаралық ғарыш станциясында жарты жыл жұмыс істеген Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский және америкалық астронавт Майкл Хопкинс Жерге оралуға дайындалып жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". "11 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 04.01-де "Союз ТМА-10М" ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясынан ажыратуға бұйрық беріледі. Бір жарым минуттан соң кеме станциядан бөлініп шығады", - деп хабарлайды Ұшуларды басқару орталығының мамандары. Станциядан ажырау алдында экипаж онда жұмыс істеу мерзімі аяқталмаған әріптестерімен қоштасып, басқарылатын кеме бортына ауысады және өту люгін іштен жауып алады. Ұшуларды басқару орталығының баллистикалық қызметінің мәліметінше, станциядан бөлінгеннен кейін кеме бұрылу маневрін жасайды, содан кейін бірнеше сағат бойы автономды түрде ұшады. 06.30-да "Союз"-дың двигательді құрылғысы кеменің орбитадан шығуы үшін бес минуттық тежеу импульсін береді. 06.58-де кеме бөліктерге ажыратылады: жерге қонушы аппараттан тұрмыстық және құралдық-агрегаттық бөлік бөлінеді. Содан кейін 07.01-де ғарышкерлері бар капсула атмосфераның тығыз қабаттарына енеді. Бұл кезде экипажбен уақытша байланыс ажырайды, 07.10-да жерге қонушы аппарат плазманы өткен кезде оның үстінде жоғарыдан тартып алатын және негізгі парашюттер ашылып, құлдилауды тежейді. Аппарат 07.24-те шамамен Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147-шақырымға қонады деп болжанып отыр. "Союза ТМА-10М" кемесі Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментінен босатылғаннан кейін келесі экспедиция келгенше орбитада құрамында ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин, америкалық астронавт Рик Мастраккио, жапониялық астронавт Коити Ваката бар экипаж жұмысын жалғастырады. "Союз ТМА-10М" Байқоңыр ғарыш айлағынан өткен жылдың 26 қыркүйегінде Мәскеу уақыты бойынша сағат 00.58-де ұшырылып, сол күні 06.45-те ХҒС-қа тақалған болатын. Қараша айында Котов пен Рязанский ашық ғарышқа Олимпиада алауын шығарған болатын, бұл алау Сочидегі Ойындардың басты тостағанын жаққан еді. Желтоқсан айында Котов Халықаралық ғарыш станциясына "Прогресс М-21М" жүк кемесін қол режимінде түйістірді. Себебі жүк кемесінің "Курс-НА" жаңа жақындату жүйесі істен шыққан болатын. 2013 жылдың соңында Котов пен Рязанский ашық ғарыш кеңістігінде ресейлік "Орлан-МК" скафандрымен 8 сағат 7 минут жүріп, жаңа рекорд орнатты. Қаңтар айында бұл екеуі ХҒС-тың ресейлік сегментіне Жерді бақылау камерасын орнатты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer