10 наурыз 2014 | 17:34

Бішкекте "Манас" базасының қызметкері ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©M.knews.kg ©M.knews.kg

Қырғызстанда АҚШ-тың "Манас" транзиттік тасымал орталығының сервис менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды "Интерфакс" Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Манас" әуе базасының сервис менеджері бұзақылығы үшін ұсталды", - деп хабарлайды милицияның баспасөз қызметі. 10 наурыз күні сағат 05.30-да Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының №10 милиция бөлімінің кезекшілеріне 22 жастағы қыз хабарласып, Шопоқов және Мәскеу көшелерінің қиылысында өзіне шетел азаматының тиіскенін айтқан. Мас адам қызға ақысына интимдік қызмет көрсетуді ұсыныпты. Қыз дереу такси тоқтатып, өзін жақын маңдағы милиция бөліміне жеткізуді сұрайды. "Ер адам милиция қызметкерлерінің кеңсеге жүр деген өтінішіне көнбей, қарсылық көрсетті, кеңседе былапыт сөз айтып, жұмыс үстелін сындырды, милицияның кезекші капитанының иығындағы айырым белгісін жұлды", - дейді ішкі істер бас басқармасының мамандары. Кейін бұзақының 1985 жылы туған АҚШ азаматы - Бранден Корнелиус екені белгілі болды. Калифорния штатының Монтерей қаласында туған ол Бішкекке 2012 жылы жұмысқа келген. "Манас" базасында жұмыс істеу келісімшартының мерзімі 2014 жылдың маусым айында бітеді екен. Милицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабымен ("Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті немесе жалпы қалыптасқан әдепті өрескел бұзатын, зорлықпен немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы қасақана жасалатын және мүлікті жоюға немесе зақымдауға тең әрекет") қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыпкерге 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Күдіктінің ұсталғаны туралы "Манас" орталығы мен АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі жетекшілеріне хабарланды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer