Абай "Қара сөз"
"Меломан" компаниясы ең танымал деген 13 қазақстандық әдеби кітаптардың жинағын құрастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Сұранысқа ие кітаптардың көшін қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" бастап тұр. Екінші орынға белгілі тарихшы Радик Темірғалиевтің "Казахи и Россия" тұрақтаса, үшінші кезекте бір топ қазақстандық саясаттанушылардың бірлесіп жазған "Сумеречная зона или "Ловушки" переходного периода" атты еңбектері орналасқан. Аталған кітаптың авторлары Досым Сәтпаев, Андрей Чеботарев, Толқынай Үмбеталиева, Расул Жұмалы, Айдос Сарым, Замир Қаражанов, Айсұлу Жүсіпова және Рүстем Қадыржанов. Тоғыз ай көлемінде жазылған бұл еңбекте әлемнің әр түкпірінде түрлі тарихи жағдайларда биліктің ауысыуының көптеген моделдеріне компаративті талдау жасалған. Төртінші орынға Радик Темірғалиевтің тағы бір кітабы Дешті Қыпшақ тарихындағы ең ірі мемлекеттердің біріне арналған "Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы" атты шығармасы ие болған. Мұқағали Мақатаевтың "Махаббат сазы" лирикалық өлеңдер жинағы бесінші орынға орын тепкен. Гүлбахрам Кургулинаның "Бәйбіше" шығармасы оқырмандар арасында біршама танымалдыққа ие болып,алтыншы орынға тұрақтаған. Роман туыс адамдар мен бір-біріне жақын жандардың арасындағы күрделі қарым-қатынасқа негізделген. Жетінші орында Зира Наурызбаеваның "Вечное небо Казахов" кітабы. З.Наурызбаева өзінің бұл еңбегінде көшпенді түркілер тұрмысының табиғатпен тығыз байланысын, әскери әдет-ғұрыптардың, қазақ мифтерінің, музыкасының, өнерінің пайда болуына, жалпы мәдени архетиптерінің негіздеріне кеңінен тоқталған. 2013 жылы кітап сөрелері фантастикалық әдебиеттермен де толықты. Оның ішінде Жан Әлібековтың "Цена" психологиялық детективі сұранысқа ие кітаптар қатарына енген. Белгілі журналист Адам Қапановтың "Воздушное кочевье" кітабы 9 орында. Сондай-ақ Аян Құдайқұловтың дәстүрлер қайшылығы, әр отбасындағы мәселелер жөніндегі сезімге толы романдары қазақстандық оқырмандар арасында танымалдыққа ие болып оныншы орынға орналасты. Оқырманға кеңінен таныс он үш кітаптың соңғы үшеуі - ақтөбелік 24 жасар миллионер Марат Әбиевтің "Казахстанская мечта" кітабы, Қуат Домбайдың "Абырой менеджмент. Управление репутацией и PR" және Әсел Қожақованың "Хозяйка времени. Тайм-менеджмент в домашних условиях" кітаптары. Мамандардың зерттеуінше, жалпы қазақстандық оқырмандардың сапалы отандық кітаптарға деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Яғни, кітапты іздеп жүріп, сатып алып оқитын оқырмандар көбеюде. Кітап саудасы департаментінің жетекшісі Наталья Жирдың айтуынша, еліміздегі кітап баспаларының болашағы зор. Тек әзірге баспалар отандық көркем әдебиетті дамыта түсуге аса құлық танытпай отыр.
"Меломан" компаниясы ең танымал деген 13 қазақстандық әдеби кітаптардың жинағын құрастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Сұранысқа ие кітаптардың көшін қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" бастап тұр. Екінші орынға белгілі тарихшы Радик Темірғалиевтің "Казахи и Россия" тұрақтаса, үшінші кезекте бір топ қазақстандық саясаттанушылардың бірлесіп жазған "Сумеречная зона или "Ловушки" переходного периода" атты еңбектері орналасқан. Аталған кітаптың авторлары Досым Сәтпаев, Андрей Чеботарев, Толқынай Үмбеталиева, Расул Жұмалы, Айдос Сарым, Замир Қаражанов, Айсұлу Жүсіпова және Рүстем Қадыржанов. Тоғыз ай көлемінде жазылған бұл еңбекте әлемнің әр түкпірінде түрлі тарихи жағдайларда биліктің ауысыуының көптеген моделдеріне компаративті талдау жасалған. Төртінші орынға Радик Темірғалиевтің тағы бір кітабы Дешті Қыпшақ тарихындағы ең ірі мемлекеттердің біріне арналған "Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы" атты шығармасы ие болған. Мұқағали Мақатаевтың "Махаббат сазы" лирикалық өлеңдер жинағы бесінші орынға орын тепкен.
Гүлбахрам Кургулинаның "Бәйбіше" шығармасы оқырмандар арасында біршама танымалдыққа ие болып,алтыншы орынға тұрақтаған. Роман туыс адамдар мен бір-біріне жақын жандардың арасындағы күрделі қарым-қатынасқа негізделген. Жетінші орында Зира Наурызбаеваның "Вечное небо Казахов" кітабы. З.Наурызбаева өзінің бұл еңбегінде көшпенді түркілер тұрмысының табиғатпен тығыз байланысын, әскери әдет-ғұрыптардың, қазақ мифтерінің, музыкасының, өнерінің пайда болуына, жалпы мәдени архетиптерінің негіздеріне кеңінен тоқталған.
2013 жылы кітап сөрелері фантастикалық әдебиеттермен де толықты. Оның ішінде Жан Әлібековтың "Цена" психологиялық детективі сұранысқа ие кітаптар қатарына енген. Белгілі журналист Адам Қапановтың "Воздушное кочевье" кітабы 9 орында. Сондай-ақ Аян Құдайқұловтың дәстүрлер қайшылығы, әр отбасындағы мәселелер жөніндегі сезімге толы романдары қазақстандық оқырмандар арасында танымалдыққа ие болып оныншы орынға орналасты.
Оқырманға кеңінен таныс он үш кітаптың соңғы үшеуі - ақтөбелік 24 жасар миллионер Марат Әбиевтің "Казахстанская мечта" кітабы, Қуат Домбайдың "Абырой менеджмент. Управление репутацией и PR" және Әсел Қожақованың "Хозяйка времени. Тайм-менеджмент в домашних условиях" кітаптары.
Мамандардың зерттеуінше, жалпы қазақстандық оқырмандардың сапалы отандық кітаптарға деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Яғни, кітапты іздеп жүріп, сатып алып оқитын оқырмандар көбеюде. Кітап саудасы департаментінің жетекшісі Наталья Жирдың айтуынша, еліміздегі кітап баспаларының болашағы зор. Тек әзірге баспалар отандық көркем әдебиетті дамыта түсуге аса құлық танытпай отыр.