12 наурыз 2014 | 19:41

"Ел арна" бюджеті "24.kz" арнасына және фильмдерге бөлінеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ел арна логотипі. online-televisor.ru Ел арна логотипі. online-televisor.ru

"Ел арна" телеарнасы жабылып, ал оған жыл сайын бөлініп отырған 2 миллиард теңге басқа жобаларға жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. Парламент мәжілісінде 2014 жылғы республикалық бюджетке өзгерістер енгізу талқыланғанда, депутаттар Е.Досаевтан "Ел арна" телеарнасының неліктен жабылатындығын, ал егер жабылса, неге оған қайтадан ақша бөлінетіндігін сұрады. "Бір жағынан, біз жыл сайын 2 миллиард теңге бөлеміз, ал рейтингтер арқылы бұл арна 300 миллион теңге жинайды. Екінші жағынан, Қазақстан Президенті қазан айында тек сапалы және қажетті контентті телеарналарды қалдыру жөнінде тапсырма берді. Бүгінде "Ел арна" телеарнасы контенттерінің (өнімдерінің) жартысы сатып алынған немесе аударылған, ал өздерінікі аз, – деді министр. "Осы "Ел арна" телеарнасына бөлінетін екі миллиард теңгенің жартысын біз "24.kz" арнасына береміз, шет елдерде аймақтық жаңа тілшілер қосыны ашылады. Бұған миллиард теңге жұмсалады. Ал 992 миллион теңгені екі жаңа фильм түсіруге бөлеміз, – деп түсіндірді ол. Депутаттар тарапынан іс жүзінде "Ел арна" телеарнасының рейтингі төмен емес деген пікірлер айтылды. Мәжілісмендер бұл арнаны негізінен қазақ тілді көрермендер көретіндігін баса айтты. Депутаттардың пікірінше, рейтингтерде тек қала тұрғындарының пікірлері есепке алынған, бұл тұрғыда ауыл тұрғындарының да пікірлерін білген дұрыс. Сондай-ақ, Парламенттегілер Үкімет керісінше отандық арналардың санын көбейту керек екендігіне көңіл аударды. Осылай ішкі ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге болатындығы да айтылды. Депутаттар қазіргі уақытта қазақстандықтар шет елдердегі жағдайларды көбінесе басқа мемлекеттердің арналары арқылы білетіндігін тілге тиек етті. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министріне саны көп мемлекеттік БАҚ саласын ретке келтіруді тапсырған болатын. "Сіздер қомақты қаржы жұмсап отырсыздар ғой! Мемлекет ешқашан БАҚ үшін осынша ақша бөлмеген. Бюджеті қаралғанда қайда қарайды? "Бiлiм" мен "Мәдениет" – менің түсінігімде нақты бір арна. Осы арналарды қарасаң – контент жоқ, таба алмайды. Саусақтан сорады. Хайуанаттар дүниесін және қайдағы тарихи фильмдерді көрсетеді. Болды. Бұл арналардың әрқайсысында қаншама адам жұмыс істейді, ал шығармашылық жоқ. CaspioNet қазір "Kazakh TV" деп аталды, тағы да "24.kz" пайда болды. Бұлардың бәрі Қазақстанда да, әлемде де көрсетілетін бір арна емес пе? Сапалы жұмыс жасағанның орнына, біз түсініксіз бірдеңелер жасаймыз, ақшаны шашамыз, – деген болатын сонда Президент.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer