13 наурыз 2014 | 14:46

"Болашақ" шет тілін білу талаптарын күшейтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"Болашақ" степендиясының үміткерлеріне шет тілін білу талабы жоғарылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ орда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті. Отырыс барысында Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. "2014 жылдан бастап магистратурада оқу және тағылымдамадан өту үшін шет тілін білудің қажетті бастапқы деңгейі IELTS 9.0 баллдан – 3.0-тен 4.0. баллға дейін, ал резидентурада, докторантурада оқуға – 5.0 баллға дейін ұлғайтылды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу жөніндегі барлық санаттағы үміткерлерге ең төменгі талаптар күшейтілді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ең төменгі деңгей – 150 баллдан 85-ке дейінгі баллды құрады. Бұдан бөлек, оқу және тілдік курстардан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі қайта қаралды. 2014 жылы тізім 17 университетпен толықтырылып, 8-і алынып тасталды. Шетелде тағылымдамадан өту орнына қойылатын талаптардың өлшемі бекітілді. Атап айтқанда, тағылымдамалар тек қана жетекші шетелдік жоғары орындары мен олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында, сондай-ақ әлемге танымал өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компаниялар мен салалық ұйымдарда жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса, стипендиядан айыруға және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға байланысты мәселелер көтерілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, егер шәкіртақы алушының оқу үлгерімі нашар болса, онда оның оқу ақысын сақтауға қатысты мәселе қою механизмі бар. Оқу үлгерімі нашар болашақтықтардың мемлекетке 300 миллион теңгеден астам қарыз болып қалғаны мәлім етілген болатын. Бұдан бөлек, "Болашақ" бағдарламасы Ұлыбританияның кейбір ЖОО-ларынан бас тартқаны және тек ең таңдаулы оқу мекемелерімен байланысты арттыратыны туралы ақпарат таратылған еді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer