13 наурыз 2014 | 15:56

Қызылжарлық тұрғын әйелінің "қайтыс болуына" байланысты қызына туу туралы куәлік ала алмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Туу туралы куәлік Туу туралы куәлік

Қызылжар тұрғыны әйелінің "қайтыс болуына" байланысты қызына туу туралы куәлік ала алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылжарлық тұрғын Ерлан Алтыбазаров өзінің жұбайының "қайтыс болғанын" қалалық ХҚКО-нан қызына туу туралы куәлік алатын кезде білген. Ер адам дәл осы жерде өзінің жары, екі баланың анасы Сымбат Бердалинаның бірнеше жылдан бері қайтыс болған деп есептелгенін хабарлады. "Мен мұны естігенде, өзімді өте нашар сезіндім. Тірі адамды мұндағылар жерлеп тастаған, тіпті маған оның бернеше жыл бұрын қаза болғаны туралы анықтама да берді. Мен оның тірі екенін дәлелдеуге тырыстым, ол қалай қайтыс болады, егер бір ай бұрын қыз босанса? Ол тірі әрі дені сау. Бірақ ХҚКО мені тыңдағысы келмейді, қаза болған, болды деп шығарып салады", - дейді әйелдің жолдасы. Оның айтуынша, босанғанға дейін әйелі жұмыс істеген, декреттік демалысын рәсімдеген, тұрғын үй кезегіне тұрған, тіпті банктен несие алған. Еш жерде оны қайтыс болды деп есептемеген. "Енді осы адам шошырлық қателіктен кейін менің қызыма туу туралы куәлік бермей отыр. Сотқа жүгініңіз дейді, бірақ оның бәріне уақыт керек. Ал сәбиге құжат қазір керек емес пе?",- дейді Е.Алтыбазаров. Өзі "өлді" деп есептелген ана ХҚКО қызметкерлерінің бұл қателігін былай аңғаратын секілді. Әйелдің айтуынша, 2011 жылы оның туған әпкесі қайтыс болған. "Құжат бойынша олар оны емес, мені жерлеп тастаған болуы мүмкін", - дейді Сымбат Бердалина.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer