14 наурыз 2014 | 10:36

Донецкіде өткен шерудің соңы қанды төбелеске ұласты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото tsn.ua сайтынан алынды Фото tsn.ua сайтынан алынды

Наурыздың 13-і күні кешке таман Донецкінің орталық алаңында өткен шерудің соңы жаппай төбелеске айналып, қанды қырғынға ұласты. Қақтығыс Украинаның қазіргі билігін қолдайтындар (евромайдандықтар) мен Ресей саясатын ұстанатындар арасында орын алды, деп хабарлайды Life News. Әр түрлі мәліметтер бойынша, ол қақтығыс кезінде кемінде үш адам қайтыс болып, оншақты адам ауыр жарақаттанған. Ресей басылымдары жазғандай, тараптар арасында қақтығыстың орын алуына евромайдандықтардың әрекеті түрткі болған. "Бастапқыда шеру бейбіт жағдайда өтіп жатқан", арада бірер уақыт өткеннен кейін евромайдандықтар қарсыластары тұрған жаққа түрлі заттарды лақтыра бастапты. Одан кейін іске арматура, қол шоқпарлар мен газды баллон қосылған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарсыластар арасында жасанды бекініс жасағанына қарамастан, әр жақтан мыңға жуық адам қатысқан жаппай төбелесті тоқтатуға шамалары келмеді. Алайда арада бірер уақыт өткеннен кейін жақтастар үйлеріне тарасты. Жергілікті "Оңтүстік-шығыс бастамасы" қоғамдық ұйымының жетекшісі Евгений Динянский болған жағдайды арандатудың нақ өзі деп атады. "Бұл жақта Украина билігін қолдайтын тұрғындар аз болғандықтан біздің оларға тағар кінәміз жоқ. Бар мәселе жиналған студенттерде болып тұр. Шеруге қатысқандардың негізгі бөлігін Донецкідегі ЖОО оқитын студенттер құраған. Оларға мынандай шарт қойған: сендер не шеруге қатысасыңдар, болмаса біз сендерді оқудан шығарамыз", - деді Динянский Life News-ке берген сұхбатында. Украиндық БАҚ өкілдері орын алған жағдайға байланысты қарама-қайшы пікір білдіруде. Олардың мәлімдеуінше, қазіргі Украин билігін қолдайтындар Ресейдің озбыр саясатына қарсылық білдіру және Украинада сепаратизмнің орын алуына бейбіт жағдайда қарсылық көрсету үшін көшеге шыққан. "Ресей саясатын қолдаушылар Ленин алаңында Украинаның бірлігі үшін шеруге қатысушыларға шабуыл жасаған. Алғашында олар қарсыластарына жұмыртқа лақтырса, артынан түтіндететін шашкаларды қолданды. Оның соңы жаппай төбелеске ұласып кетті. Милиция майдандықтарды қорғау мақсатында бұзақыларға қарсы тұрып, кейбірін ұстады да. Бірақ көп ұзамай оларды жібере салды", - деп хабарлады ТСН интернет-басылымы. "Новости Донбасса" порталы хабарлағандай қайтыс болған адамдардың бірі 22 жаста болған. Ол пышақ жарақатынан қайтыс болыпты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer