14 наурыз 2014 | 10:54

Қытай Батысты Ресейге қарсы санкция енгізбеуге шақырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қытайдың Германиядағы елшісі Ши Миндэ батыс елдерін Ресейге қарсы санкция енгізбеуге шақырды деп хабарлайды The South China Morning Post басылымы. Дипломаттың мәлімдеуінше, мұндай шаралар кейін бақылау мүмкін болмай қалатын қауіпті реакцияларға соқтыруы мүмкін. "Біз Ресейге қарсы санкция енгізудің қисынын көріп тұрған жоқпыз. Санкциялар адам айтқысыз салдарларға соқтыратын қарымта әрекеттерге ұласуы мүмкін. Біз оны қаламаймыз", - дейді Ши Миндэ. Елші батыс елдерін сабырға шақырды. "Біз әлі де болса эскалацияны айналып өтуге мүмкіндік барын көріп отырмыз. Келіссөздер үшін бұрынғысынша есік ашық, біз бұл мүмкіндікті референдумнан соң да пайдалануымыз керек", - деді Миндэ. Еске салайық, ГФР канцлері Ангела Меркель Ресей Қырым мәселесінде бағытын өзгертпесе оған қарсы ауыр саяси және экономикалық салдарларға соқтыратын санкцияларды енгізетінін мәлімдеген болатын. Ресейге қарсы қысымды АҚШ та күшейтті. Қырым референдумы наурыздың 16-сына жоспарланып отыр. Онда азаматтарға екі сауал ұсынылады: Қырымның Ресей құрамына қосылуын қолдайсыз ба және Қырымның 1992 жылғы конституциясын қалпына келтіруді қолдайсыз ба деген.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer