14 наурыз 2014 | 16:56

Зерттеу құрылымдары фермерлермен дұрыс жұмыс істемейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Аkorda.kz ©Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаевпен кездесіп, отандық аграрлық ғылымның жай-күйін талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен бірге "ҚазАгроИнновация" да жұмыс жүргізуде және мемлекет оның жұмыс істеуі үшін жыл сайын айтарлықтай қаражат бөліп келеді. Алайда осынау зерттеу құрылымдары мен фермерлер арасында тиісті деңгейдегі өзара іс-қимыл жоқ", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстанда жер және адам ресурстарының жеткілікті көлемде екеніне қарамастан, елімізде ауыл шаруашылығы саласының тиісті қарқында дамымай отырғанын айтты. Ол агроөнеркәсіп кешенінде сыннан өткен әлемдік технологияларды пайдаланған жөн екенін, оларды Қазақстан жағдайын ескере отырып енгізу қажеттігін атап өтті. "Біз ауа райы қолайлы, жауын-шашын қажетті мөлшерде болғанда ғана мол астық жинаймыз. Әрине, ауыл шаруашылығында өнімділік бұрынғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артты, бірақ әлі де бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізу міндеті тұр. Мемлекет осы міндеттің орындалуына едәуір ресурстар бөліп отыр", – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Ақылбек Күрішбаев агротехникалық университеттің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері және Мемлекет басшысының жоғары оқу орны базасында халықаралық аграрлық зерттеу университетін құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer