14 наурыз 2014 | 18:33

Ұлыбритания елшісі: Қырымда референдум өткізілмеуі тиіс

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Доктор Кэролин Браун. ©Тengrinews.kz Доктор Кэролин Браун. ©Тengrinews.kz

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браун Tengrinews.kz тілшісіне Қырымда 16 наурызда өтетін референдумға қатысты пікірін айтты. Дипломат "таңдау деп, тапанша кезенген кезде жасалған таңдауды айтпайды" деген пікірде. "Соған қарамастан, жексенбі күні Қырым халқына болуы мүмкін емес сайлау ұсынылады: Ресейге бағынышты болу үшін дауыс беру немесе Ресей Украинаның аумақтық тұтастығынан гөрі Қырымның егемендігіне құрмет көрсететініне кепілдік жоқтығына қарамастан, тәуелсіздік үшін дауыс беру", - дейді елші. Оның пікірінше, мүмкіндіктер Ресейдің ыңғайына дәл жығылып жатыр, ол бақырды лақтырып, бүк-шігін ажыратқан сияқты: бүк болса - Ресей жеңеді, шік болса - Қырым ұтылады. "Дауыс берудің нәтижесі қандай болса да, ол заңсыз әрі конституцияға қайшы болып есептеледі, бұл орайда ешқандай күмән болмауы керек. Украина Конституциясының шарты бір мағыналы: дауыс беру үш миллион азаматтың өтініші бойынша жасалуы тиіс, ол бүкілукраиналық референдум болуы қажет және оны Украина парламенті шақыруы тиіс. Бұл шарттардың бірде-бірі орындалмады", - дейді Браун. Ұлыбритания елшісінің пікірінше, бұл мәселелерді еркін әрі әділетті референдум шеңберінде реттеуге болар еді, айталық, Шотландияда 2014 жылдың соңында өтетін референдум үлгісімен. "Жексенбі күні Қырымда өтетін референдум еркін де, әділетті де болмайды", - дейді елші. "Соңғы екі онжылдықта біз қырғиқабақ соғыс кезеңінде туындаған мазасыздық пен сенімсіздікті артқа тастауға, Ресейдің барлық адамзат игілігі үшін халықаралық қоғамдастыққа қосқан қуатты да жағымды үлесін мойындауға тырыстық. Өткен дәуірдің ащы текетірестерін қайтамалау үшін, дауларды бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық келісімдер мен құрылымдарды іске қостық. Ресей ажырамас мүшесі саналатын ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі сияқты ұйымдар мемлекеттерге өзін-өзі анықтау мен азшылық құқығын қорғау мәселелерін шешуге көмектеседі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әділ сайлаулардың жаршысы ретінде бұл жолғы референдумды заңсыз деп тауып, оған байқаушыларын жібермейтін болды", - деп атап өтті Браун. Дегенмен дипломат Ресей үшін барлық институтты қолданып, сыртқы байланыстармен салмақты түрде айналысып, мәселенің бейбіт шешімін табуына әлі де кеш емес екеніне сенім білдірді. "Біз Путинді өз билігін Қырым, Украина, Еуропа және Ресей игілігі үшін пайдаланып, дағдарысты аяқтауға шақыруды жалғастыра береміз. Мәскеу үшін жексенбі күні өтетін абсурд референдумның қорытындыларын мойындаудан бас тарту ең алғашқы өмірлік маңызды қадам болар еді. Бәрібір оның құқықтық күші болмайды. Моральдық мәні де болмайды. Оның нәтижелерін халықаралық қоғамдастық мойындамайды және ол өткізілмеуі тиіс те", - деді елші.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer