14 наурыз 2014 | 18:13

Әсет Найманбайұлының қайтыс болған күні белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әйгілі ақын, әнші Әсет Найманбайұлы 1867 жылы туып, 1923 жылы қайтыс болғаны туралы деректер белгілі. Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбайұлы әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі Әбен Разуев даңқты әншінің нақты қайтыс болған күнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2012 жылы Абай мемлекеттік қорық мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлымен бірге Қытайдағы Іле қазақ облысына барған іссапарымызда Жұмәділ Маманұлы деген ақсақалмен сұхбаттасудың реті келді. "...Қайтыс болған Әсетті ертеңіне Құрбан айттың бірінші күні айт намазына жиналған елдің алдына шығарып, Көкқамырдағы Сәтбай бұлағының басындағы Тасжотаға жерледі", – деген сөзінен соң 1923 жылдың Құрбан айтының алғашқы күні Григориан күнтізбесі бойынша қай күнге тура келетінін іздестірдік. Ташкент, Бұхара мен Самарқанд мешіттеріне сұрау салдық. Мысырдың әл-Азһар ислам университетінің ғылыми бөліміне жазып, жауап ала алмадық. Ақыры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі, жерлесіміз Ержан Малғажыұлының жәрдемімен іздегеніміз табылды. Мекке шаһарына сұрау салынып, көптен күткен жауап та алынды. Онда былай делінген: "...Хижра жыл санауы бойынша 1341 жылы болған Құрбан айттың бірінші күні Григориан күнтізбесі бойынша 1923 жылғы шілде айының 24-жұлдызына тура келеді", - дейді Әбен Разуев. Осылайша аққуға үн қосқан ән еркесі Әсет Найманбайұлының фәниден бақиға озған күні 1923 жылдың 24 шілдесі болып шықты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer