2 миллионнан аса қазақстандық референдумда дауыс беріп үлгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 миллионнан аса қазақстандық референдумда дауыс беріп үлгерді Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берушілердің сағат 10:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берушілердің сағат 10:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дауыс берушілердің қатысуы туралы деректерді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ляззат Сүйіндік жариялады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі қатысу көрсеткіші мынадай:

Абай облысы - 17,98 пайыз.
Ақмола облысы - 19,82 пайыз.
Ақтөбе облысы - 21,80 пайыз.
Алматы облысы - 18,10 пайыз.
Атырау облысы - 19,44 пайыз.
Батыс Қазақстан облысы - 18,80 пайыз.
Жамбыл облысы - 18,49 пайыз.
Жетісу облысы - 21,01 пайыз.
Қарағанды облысы - 26,64 пайыз.
Қостанай облысы - 19,24 пайыз.
Қызылорда облысы - 24,02 пайыз.
Маңғыстау облысы - 18,53 пайыз.
Павлодар облысы - 16,36 пайыз.
Солтүстік Қазақстан облысы - 18,72 пайыз.
Түркістан облысы - 21,21 пайыз.
Ұлытау облысы - 20,31 пайыз.
Шығыс Қазақстан облысы - 20,64 пайыз.
Астана қаласы - 20,68 пайыз.
Алматы қаласы - 9,54 пайыз.
Шымкент қаласы - 21,36 пайыз.

Жалпы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 393 844 қазақстандық бюллетень алған, бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 19,21 пайызы.

Референдум дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

2026 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 12 416 759 дауыс беруші тіркелген. Демек, референдумның өтуі үшін дауыс беруге кемінде 6,2 миллионнан аса адам қатысуы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети