20 градусқа дейін аяз: жексенбі күні ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 градусқа дейін аяз: жексенбі күні ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Қазгидромет жексенбі, 8 желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет жексенбі, 8 желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның көп қаласында көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең Астана, Жезқазған, сондай-ақ Қызылорда, Тараз, Түркістан, Оралда кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Ал ел астанасында ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 11-13 градус аязды көрсетеді.

Алматыда ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аязды құрайды.

Шымкентте ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді.

Көкшетауда ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 9-11 аязды құрайды.

Қонаевта ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 градус нөлден төмен.

Талдықорған қаласында күн ала бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 3-5 градус аязды құрайды.

Түркістанда кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз -1, +1°C болады.

Оралда ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз болады.

Атырауда күн бұлтты, ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аязды құрайды.

Ақтауда ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 7-9 градус аяз болады.

Қостанайда ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 10-12 градус аяз болады.

Петропавлда ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 10-12 градус аязды құрайды.

Павлодарда түнде қар жауады, ауа температурасы 15-17, күндіз 12-14 нөлден төмен көрсетеді.

Қарағандыда да қар жауып, ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 9-11 градус аязды көрсетеді.

Жезқазғанда ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 8-10 градус аяз болады.

Өскеменде күндіз бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді.

Семейде де күн бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 10-12 градус аяз.

Қызылордада ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.

Таразда кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети