Кеше | 21:36

“20 жыл бойғы жол азабынан арылдық“: “Қандыағаш-Ақтөбе“ тасжолы жергілікті халықты қуантты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Фото: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы

96 шақырымды құрайтын "Ақтөбе-Қандыағаш" тасжолындағы негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Төрт жолақты 1 санаттағы күре жолды толық пайдалануға беретін күн жақын. Жолбойындағы ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.


96 шақырымды құрайтын "Ақтөбе-Қандыағаш" тасжолындағы негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Төрт жолақты 1 санаттағы күре жолды толық пайдалануға беретін күн жақын. Жолбойындағы ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

"Жол активтері сапасының ұлттықорталығы" РМК орталығының басшылары Ақтөбе, Атырау облыстарын арнайы аралап, БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізді. Үш жыл бойғы атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Бір кездері ойығы көп, "ажал жолы" атанған "Қандыағаш- Ақтөбе" тасжолы бүгінде сайрап жатыр. Транзиттік жол жүргізушіге де, қарапайым халық үшін де маңызды.

"Бұрын жолымыз нашар еді. 20 жылдай қиындығын көрдік, азабын тарттық. Өзім Алға аудандық аурухананың хирургиясында жұмыс істедім. Алға-Қандыағаш арасында қаншама жолапаты болды. Қыршыннан кеткен сәбилерді көрдік. Ауруханаға хәл үстінде жеткізген жолаушыға бірінші көмек көрсете алмай кетіп қалған жағдайлар болды. Қазір барлығы жақсарып келеді. Жолды айнадай қылып салып қойды. Бейнет көрмей жеткен әр жолаушы алғыс айтады", - деді тұрғын Ермек Қосыбаева.

Жол сапасы басты назарда. Сондықтан жөндеу жұмыстарына әу бастан халықаралық инженерлер тартылды. Корея, Еуропа, Эфиопия, Вьетнам елдерінде жол жөндеу жұмыстарының жоба авторы ретінде танылған инженер Чонг Рак Инжоба басталғаннан Қазақстанда жүргенін айтады.

"Мен осы жобаның басшысымын. "Ақтөбе-Қандыағаш" жобасы 4 жыл бұрын басталғанынбілесіздер. Қазір аяқталуға жақын. "ҚазАвтаЖол" мен Ұлттық сапа орталығы бұл жерді уақытынан бұрын ашуға бар күшін салып жатыр. Байқағандарыңыздай , жолаушылар тиімділігі үшін жолдың кей бөліктері пайдалануға ерте берілді. Бұлжолдың сапасы өте жоғары. Сапалы, сәтті аяқталғанына ризамыз. Жолды күтіп ұстау маңызды. Егер жақсы күтілсе 20 жыл қызмет етеді. Жақсы сақтау үнемділікті, тиімділікті арттырады", - инженер Чонг Рак Ин.

"Қандыағаш-Ақтөбе" тасжолындағы жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталды. Осы уақытішінде отандық және шетелдік мердігеркомпаниялар толық жөндеу жүргізіп, жоғарысанатқа көтерді. Биыл қараша айында толық пайдалануға берілуге тиіс.

"Құрылыс жүрген мерзімде 600-ден астам инспекциялық шығу ұйымдастырылды. Оның ішінде жолға қолданып жатқан материалдардан 2 700-ден аса сынама алынды. Сол кезде талаптарға сәйкес келмейді деп танылған 3,7 пайызы мердігер компаниямен қайта ретке келтірілді. Жасалған жұмыс, қолданған материалдардың барлығы техникалық талаптарға сай", - деді Жол активтері сапасының ұлттықорталығының бас директоры Болатбек Айтбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.61   525.29   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети