20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды Фото: Tengrinews.kz

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский айтты.

"Терең күйзеліспен "АрселорМиттал Теміртау" ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды", - деді ол.

14 тамыз "Қазақстан" шахтасында өрт болып, жер астындағы 227 кеншінің 222-і жер үстіне шығарылды. 5 адам қаза тапты:

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, еңбек өтілі 21 жыл;
  • Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, еңбек өтілі 10 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, еңбек өтілі 4 жыл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети