14 наурыз 2014 | 18:25

Қызылордада 2013 жылы 9 аурухана ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қызылорда облысында медицина саласын дамытуға баса назар аударылып отыр. Жаңадан ғимараттар бой көтеріп, қажетті құрал-жабдықтар алынуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың аймаққа сапары барысында жасалып жатқан жұмыстар мен проблемалар жайында әңгіме қозғалды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев медициналық көмек ауылдың әрбір тұрғынына қолжетімді болуы үшін өткен жылы 9 ауылдық аурухананың ашылғанын атап өтті. Биыл олардың қатарына тағы 4-і қосылмақшы. Өңірде жоғары мамандандырылған медициналық көмек қарқынды дамуда, кардиохирургиялық орталықта жүрекке ашық оталар жасалса, онкология саласында емдеудің жаңа технологиялары енгізілді. Травматология саласында эндопротезирование күрделі отасы жасала бастады. Облыстық медициналық орталық базасында ашылған нейроинсульт орталығында ми және жұлынға күрделі оталар жасалуда. Аймақтағы күрделі мәселелерді анықтап, шешу мақсатында "Денсаулық сақтау саласының жол картасы" жасақталып, оны жүзеге асыруға 4,4 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат санавиация бригадаларын штаттық бірліктермен толықтыру, жас мамандарды оқыту және облыста кең таралған ауруларды айқындау және емдеуге жұмсалды. Осындай оңды істердің нәтижесінде соңғы 3 жылда ана өлімі 32,9 пайызға, сәби өлімі 30,5 пайызға төмендепті. Туберкулез дерті 7,8 пайызға азайды. Бұл денсаулық саласында серпілістің барын аңғартады. Жаңа ғимараттар салу жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін Шиеліде ауысымына 250 адамды қабылдайтын емхананың және Қармақшы ауданындағы Төретам кентіндегі ауылдық емхананың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзекте және Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы басталады. Жергілікті бюджет есебінен 6 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қолға алынды. Сексеуіл ауылдық емханасының және 10 дәрігерлік амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 134,1 млн теңге қарастырылыпты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer