17 наурыз 2014 | 11:27

Паралимпиада ойындары аяқталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет paralympic.kz сайтынан Сурет paralympic.kz сайтынан

Сочиде 2014 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан паралимпиадашылары шаңғы жарыстарында додаға түсіп, жігерлік танытып, тәжірибе жинақтап қайтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан паралимпиадашыларының бұған дейін қандай бәйгелерде жарыс жолына шыққандарын және ондағы көрсеткіштерін жазғанбыз. Енді соңғы күндердегі нәтижелеріне тоқталып өтпекпіз. Сенбі күні 4х2,5 шақырымдық ашық эстафета өткен. Оған біздің паралимпиадашыларымыздың үшеуі қатысты. Атап айтқанда, Жаңыл Балтабаева, Қайрат Канафин және Александр Колядин үшеуі сынға түсті. Жалпы, паралимпиадашылар арасындағы эстафетаға 2-3 спортшымен де қатыса беруге болады. Бізден де басқа бірнеше мемлекет бұл эстафетаға үш спортшыдан шығарды. Ал осы эстафетада қола жүлдеге ие болған Франция мен 6-орынға ие болған Польша тіпті екі спортшыдан ғана қосқан. Сонымен 10 елдің паралимпиадашылары қатысқан ашық эстафетада біздің құрама соңғы орынға табан тіреді. Бұл сында Ресей паралимпиадашылары топ жарып, Украина спортшылары күміспен күптелді. Кеше соңғы жарыстар өтіп, Қазақстан паралимпиадашыларының төртеуі тағы да өз бақтарын сынап көрді. Ерлер арасындағы 10 шақырымдық бәйгені (еркін әдіс, шаңғымен түрегеп жарысу) Ерлан Омаров соңғы, 38-орынмен аяқтады. Көзінен зақымданғандар арасындағы 10 шақырымдық бәйгеде (еркін әдіспен) Қайрат Қанафин екі спортшыдан жоғары орналасып, 17-орынды иеленді. Әйелдер арасындағы 5 шақырымдық бәйгеде (еркін әдіс, шаңғымен түрегеп жарысу) Елена Мазуренко да мәре сызығын ең соңынан қиды. 18-орын. Сондай-ақ әйелдер арасындағы 5 шақырымдық отырып жарысатын бәйгеде Жаңыл Балтабаева көмбеге соңынан жетіп, бұл сынды 23-орынмен түйіндеді. Сөйтіп, Украинадағы саяси жағдайдың көлеңкесінде қалып қойған 2014 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды. Бірақ мүгедек спортшылар додасы оған қарамай, бекітілген күнтізбесі мен бағдарламасы бойынша толық өтті. Қазақстан паралимпиадашылары жүлдеге ілікпесе де, бүкіләлемдік додада еліміздің көк байрағын желбіретіп қайтты. Ең бастысы, біздің ел де өркениетті мемлекетер секілді мүгедек спортшыларға жағдай жасап, оларға қолдау көрсетіп отырғанын паш ете алдық.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer