17 наурыз 2014 | 13:15

Қорғас ісі: адвокат прокурорлар дәлеліне сенбей отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Сот Қорғас ісін қарауды жалғастырып жатыр. Тараптарды қатар тыңдау кезінде адвокаттарға сөз берілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заңгерлер бұрын прокурорлар келтірген дәлелдерді сынады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы бастығы Талғат Жақаевтың адвокаты айыптау тарапы келтірген фактілердің көбін дәлелсіз болжам мен қиял деп есептейді. Мысалға, прокурорлардың нұсқасы бойынша Жақаев қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастырушы Талғат Қайырбаевпен 2005 жылдың ақпанында, ҰҚК қызметкерлері Шарын өзені бойында жедел шаралар өткізген кезде танысқан. Ол кезде, прокурорлардың айтуынша, контрабандалық жүк тиелген көліктер ұсталған, олар Қайырбаевқа тиесілі, ал операцияны Жақаев басқарған. Адвокат ҰҚК мәліметтеріне сүйене отырып, ол уақытта комитеттің Шарынның бойында ешқандай операция жүргізбегенін мәлімдеді. Заңгердің айтуынша, Қайырбаевтың көлігі 2005 жылдың ақпан айында Гүлдала елді мекені маңында ұсталған, оны ҰҚК қызметкерлері емес, кеденшілер ұстаған. Бұған дейін Қайырбаев Жақаевпен Шарын өзенінің бойында танысқанын растаған болатын. Бірақ адвокаттың айтуынша, Қайырбаев қысым көрсетілгеннен кейін солай айғақ берген. Адвокаттың айтуынша, айыптау қорытындысында қылмыстың жасалған уақыты, орны мен әдіс-тәсілі көрсетілмеген, ҰҚК қызметкерлерінің контрабандашылармен қашан және қандай жағдайда сөз байласқаны анықталмаған. Заңгердің пікірінше, бұл - Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бұзылуы. Құқыққорғаушының айтуынша, істе Жақаевтың өзге айыпталушылармен байланыста болғанын дәлелдейтін аудио және бейнематериалдар да жоқ. Адвокат іс материалдарында Жақаевтың кедендік заңнаманың контрабанда мен шекарадағы жемқорлыққа тосқауыл болатын түзетулерін жасауға қатысқаны көрсетілуі керек деп есептейді. Еске сала кетейік, прокурорлар Қорғас ісі бойынша басты айыпталушыларға қатаң режимдегі колонияларда 12 жыл жаза өтеуге үкім шығаруды сұрап отыр. Айыптау тарапы қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастырушылар мен контрабанда арнасын бүркемелеп келген ҰҚК қызметкерлері ұзақ жылға бас бостандығынан айырылуы керек деп есептейді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer