Шекарашылар Алматыда Қытай азаматынан Қазақстан төлқұжатының бланкілерін тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарашылар Алматыда Қытай азаматынан Қазақстан төлқұжатының бланкілерін тәркіледі ©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Қытай азаматынан 300-ге жуық Қазақстан төлқұжатының бланкілері тәркіленді. Олар Алматы аэропортынан ұшайын деп жатқан жерінен ұсталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Алматы" өткізу-бақылау пунктінің шекаралық наряды "Алматы-Гонконг" бағытындағы КС-929 рейсін рәсімдеу барысында екі Гонконг азаматын ұстап, олардың қол жүктерінен 291 дана ҚР шетелдік ұлттық төлқұжатының бланкілерін анықтап тәркіледі, олардың 250-і көк түсті болса, 40 данасы күрең қызыл түсті болып шықты, сондай-ақ күрең түсті төлқұжаттың біреуінде фотокарточка мен бағыттық деректер жазылған", - делінген таратылған хабарламада. Сонымен бірге ведомствоның мәліметінше, оларда аталған төлқұжаттармен бірге құжатты түпкілікті дайындап, пайдалануға қажетті бір орам голографикалық лента қоса болған. "ҚР ҚПК 185-бабын басшылыққа ала отырып аталған дерек бойынша материалдар ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберілді",- дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети