©Нұрғиса Елеубеков
Бірқатар мемлекеттік органдар қызметтік көліктерін басқа мақсаттарға пайдаланған деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президенті Іс басқармасының ресми шаралар және сыртқы байланыстар бөліміне сілтеме жасап. "Соңғы рейд кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Орталық сайлау комиссиясының, "Самұрық-Энерго" АҚ және басқалардың автокөліктерінің нөмірі тәркіленді. Рейд қорытындысы бойынша аталған ұйым жетекшілеріне ереже бұзушыларға шара қолдану қажеттігі туралы хат жолданды. Президент Іс басқармасы автошаруашылығының үш жүргізушісіне сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - делінген Іс басқармасының Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарған жауабында. ҚР Президенті Іс басқармасының өкілдері өздерінің қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мүдделі екенін және бұған қатысты тұрақты әрі қатаң бақылау жүргізіп тұратынын хабарлады. Олар мемлекеттік органдар басшыларына шенеуніктерге бекітілген автокөліктерді рационалды түрде пайдалану қажеттігі туралы хаттар жолдаған. Мамандар шенеуніктерге кейде қонақүй, мейрамхана, кафе сияқты жерлерге қызмет бабымен баруға тура келетінін де ескертеді. Мемлекеттік органдардың хаттамалық функциясы аясында жасалатын мұндай жағдайлар ережелерге қайшы емес. Президент Іс басқармасы мамандары қызмет көрсететін автокөліктер паркін заңнамаларға сәйкестендіру үшін соңғы бір жыл ішінде AV, ADM және UD сериялы 209 мемлекеттік нөмірдің тәркіленгенін айтады. Сонымен бірге, 150 автокөлікке жалпы жүрісті 20,4%-ға қысқартуға мүмкіндік беретін мониторингтің GPS спутниктік жүйесі орнатылған. "Тұтастай алғанда, қолға алынған кешенді шаралардың нәтижесінде автокөліктерді жұмыс уақытынан тыс және жеке мақсатқа пайдалану фактілері айтарлықтай азайды", - дейді ҚР Президенті Іс басқармасының өкілдері. Қазіргі уақытта Басқармада екі мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді: "Іс басқармасының автошаруашылығы" және "Парламенттің шаруашылық басқармасының автошаруашылығы". Олардың міндеті - мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік органдарының және шетелдік делегациялардың қызметін көлікпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ автошаруашылықтар келісімшарт бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге де құқылы. Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі Марат Төлібаев әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көліктерді жеке мақсатқа мінетінін жазған болатын. "Мейрамханалар, фитнесс-клубтар, дүкендер мен әсемдік салондары маңынан мемлекеттік қызметтік автокөліктерді жиі көремін. Кейде олардан мемлекеттік қызметкерлердің өзі емес, олардың әйелдері мен балалары шығып келе жатады. Неге екені белгісіз, бізде бұл қалыпты жағдай саналады. Мемлекеттік шенеуніктер бұған тіпті қысылмайды да. Олар жүргізушілеріне өздерін кешкі асы біткенше немесе шаш үлгісі жасалғанша кешке дейін күтуді батыл түрде бұйырады. Мұндай жағдайлардың шарықтау шегі деп, министрлердің қызметтік көліктерінен тұратын той кортежін (өзім көрмеген кезде сенбес едім) айтуға болады. Ондайды бәрі көріп отыр, ешкім наразылық білдірмейді", - деп жазған еді Төлібаев Facebook-те. Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік азаматтарға мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланып жүргенін көрген кезде жергілікті тәртіптік кеңестерге шағымдануды ұсынған болатын. Тәртіптік кеңестер әрбір нақты жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық жағдайда талқыламақ. ҚР Президенті Іс басқармасы өз кезегінде мұндай жағдайларды байқаған кезде оларды фото-бейнематериал түрінде autoudp@gmail.com электронды мекенжайына жолдауды сұрайды.
Бірқатар мемлекеттік органдар қызметтік көліктерін басқа мақсаттарға пайдаланған деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президенті Іс басқармасының ресми шаралар және сыртқы байланыстар бөліміне сілтеме жасап.
"Соңғы рейд кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Орталық сайлау комиссиясының, "Самұрық-Энерго" АҚ және басқалардың автокөліктерінің нөмірі тәркіленді. Рейд қорытындысы бойынша аталған ұйым жетекшілеріне ереже бұзушыларға шара қолдану қажеттігі туралы хат жолданды. Президент Іс басқармасы автошаруашылығының үш жүргізушісіне сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - делінген Іс басқармасының Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарған жауабында.
ҚР Президенті Іс басқармасының өкілдері өздерінің қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мүдделі екенін және бұған қатысты тұрақты әрі қатаң бақылау жүргізіп тұратынын хабарлады. Олар мемлекеттік органдар басшыларына шенеуніктерге бекітілген автокөліктерді рационалды түрде пайдалану қажеттігі туралы хаттар жолдаған. Мамандар шенеуніктерге кейде қонақүй, мейрамхана, кафе сияқты жерлерге қызмет бабымен баруға тура келетінін де ескертеді. Мемлекеттік органдардың хаттамалық функциясы аясында жасалатын мұндай жағдайлар ережелерге қайшы емес.
Президент Іс басқармасы мамандары қызмет көрсететін автокөліктер паркін заңнамаларға сәйкестендіру үшін соңғы бір жыл ішінде AV, ADM және UD сериялы 209 мемлекеттік нөмірдің тәркіленгенін айтады. Сонымен бірге, 150 автокөлікке жалпы жүрісті 20,4%-ға қысқартуға мүмкіндік беретін мониторингтің GPS спутниктік жүйесі орнатылған. "Тұтастай алғанда, қолға алынған кешенді шаралардың нәтижесінде автокөліктерді жұмыс уақытынан тыс және жеке мақсатқа пайдалану фактілері айтарлықтай азайды", - дейді ҚР Президенті Іс басқармасының өкілдері.
Қазіргі уақытта Басқармада екі мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді: "Іс басқармасының автошаруашылығы" және "Парламенттің шаруашылық басқармасының автошаруашылығы". Олардың міндеті - мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік органдарының және шетелдік делегациялардың қызметін көлікпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ автошаруашылықтар келісімшарт бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге де құқылы.
Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі Марат Төлібаев әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көліктерді жеке мақсатқа мінетінін жазған болатын. "Мейрамханалар, фитнесс-клубтар, дүкендер мен әсемдік салондары маңынан мемлекеттік қызметтік автокөліктерді жиі көремін. Кейде олардан мемлекеттік қызметкерлердің өзі емес, олардың әйелдері мен балалары шығып келе жатады. Неге екені белгісіз, бізде бұл қалыпты жағдай саналады. Мемлекеттік шенеуніктер бұған тіпті қысылмайды да. Олар жүргізушілеріне өздерін кешкі асы біткенше немесе шаш үлгісі жасалғанша кешке дейін күтуді батыл түрде бұйырады. Мұндай жағдайлардың шарықтау шегі деп, министрлердің қызметтік көліктерінен тұратын той кортежін (өзім көрмеген кезде сенбес едім) айтуға болады. Ондайды бәрі көріп отыр, ешкім наразылық білдірмейді", - деп жазған еді Төлібаев Facebook-те.
Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік азаматтарға мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланып жүргенін көрген кезде жергілікті тәртіптік кеңестерге шағымдануды ұсынған болатын. Тәртіптік кеңестер әрбір нақты жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық жағдайда талқыламақ. ҚР Президенті Іс басқармасы өз кезегінде мұндай жағдайларды байқаған кезде оларды фото-бейнематериал түрінде autoudp@gmail.com электронды мекенжайына жолдауды сұрайды.