Наурыз ©Нұрғиса Елеубеков
Наурыз мейрамында Алматы қаласының Республика алаңы жабылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 18-19 наурызда Сәтбаев көшесі (Желтоқсан мен Фурманов көшелері) ішінара жабылатын болады. 20-22 наурыз аралығында Республика алаңы Желтоқсан көшесі мен Фурманов көшесіне дейін толық жабылады. Еске сала кетейік, 21-25 наурыз аралығында қазақстандықтар бес күн демалады. "ҚР Мерекелер туралы" Заңына сәйкес, Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып табылып, үш күн 21-нен 23-не дейін тойланады.
Наурыз мейрамында Алматы қаласының Республика алаңы жабылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18-19 наурызда Сәтбаев көшесі (Желтоқсан мен Фурманов көшелері) ішінара жабылатын болады. 20-22 наурыз аралығында Республика алаңы Желтоқсан көшесі мен Фурманов көшесіне дейін толық жабылады.
Еске сала кетейік, 21-25 наурыз аралығында қазақстандықтар бес күн демалады. "ҚР Мерекелер туралы" Заңына сәйкес, Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып табылып, үш күн 21-нен 23-не дейін тойланады.