17 наурыз 2014 | 19:28

Елімізде жұмыртқа құны негізсіз көтерілген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда тауық жұмыртқасының бағасы негізсіз өсірілген. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі арнайы тексерудің нәтижесінде осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Бәсекелестікті қорғау агенттігі тауық жұмыртқасын өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты тексеріс жүргізгеннен кейін жұмыртқа өндірісі мен саудасы нарығында баға қолдан көтерілген деген түпкілікті тұжырымға келді", - делінген баспасөз парағында. Мамандардың мәліметінше, дәлел материалдары сотқа жіберілді. Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірінші инстанциядағы соттары агенттіктің шешімін қолдап, жұмыртқа өндірушілер мен көтерме сауда жеткізушілерін монополияға қарсы заңнамаларды бұзғаны үшін кінәлі деп тапты. Ведомствоның мәліметінше, нарықтан бағаны келісіп алып қолдан көтерумен бірге басқа да заңбұзушылықтар анықталды. "Север-Птица" АҚ (Қостанай облысы) тауық жұмыртқасының көтерме саудасында доминант бола тұра соны пайдаланып, өз тауарын түрлі бағамен сатқан. "Соттардың заңбұзушыларға салған сомасы 38 млн теңге болды. Жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бағаны қолдан көтеру мен жалған бәсеке белгісі байқалған 10 іс тағы қаралып жатыр, бұлар Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарындағы 18 субъектке қатысты", - делінген хабарламада. Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, бағаны негізсіз көтерген нарық субъектілері өздеріне қатысты айыптаулармен келіспей отыр. "Субъектілердің мұндай әрекеттерінің негізгі себептерінің бірі - өндірушілер жазда маусымдық шығынға батқаннан кейін пайданы өндіріп алмақ болған. Бәсекелестікті қорғау агенттігі монополияға қарсы заңнамалардың өндірушілер мен ірі жеткізушілер тарапынан бұзылуы бойынша 20 тексеріс жүргізгелі отыр. Қазіргі уақытта бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер мен нарықтағы басымдық жағдайды асыра пайдалану фактілері бойынша 10 тексеріс аяқталды", - делінген таратылған хабарламада. Мамандардың хабарлауынша, тауық жұмыртқасы бағасының көтерілуіне әсер еткен тағы бір фактор Ресей нарығындағы дүрлігу болып отыр. "Көптеген қазақстандық өндірушілердің өзі жұмыртқаны мейлінше жоғары бағамен сатуға Ресейде жұмыртқа құны өскеннен кейінгі сұраныстың артуымен түсіндірді. Мұның өзі жұмыртқа бағасы алыпсатарлық жолмен әдейі көтерілген деуге тағы бір негіз болады", - делінген агенттіктің баспасөз парағында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer