18 наурыз 2014 | 10:28

Шетел банктерінде Тимошенко мен оның туыстарының атына 85 есепшот ашылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Юлия Тимошенко  2014 жылдың 22 ақпанында Майданда .Фото ©РИА Новости Юлия Тимошенко 2014 жылдың 22 ақпанында Майданда .Фото ©РИА Новости

Шетел банктерінде Украинаның экс-премьері Тимошенко мен оның туыстарының атына 85 есепшот ашылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып. "Британдық ірі банктер Тимошенко мен оның туыстарының атына есепшоттар ашты деген айыптауға қатысты үлкен даудың ортасында қалып отыр. Independent газетінің тілшілері танысқан құжаттарда шетелдік банктердегі 85 есепшотта жатқан миллиондаған фунт стерлингтер Тимошенко мен оның туыстарына қатысы бар" делінген мақалада. Украинаның салық министрлігінің тапсырысымен лондондық Lawrence Graham заң фирмасы бүгінде тергеу жүргізуде. Тергеу Януковичтің тұсында Тимошенко активтерді қолды етті деген болжаммен басталған болатын. 26 елдегі 278 есепшотты тексерген тергеушілер Тимошенко мен оның туыстары не бенефициар, не британдық банктердегі есепшоттардың иелері деген шешімге келген болатын. Қазіргі таңда әлем бойынша әлі 13 есепшот қалған. Тимошенко мен оның жақтаушылары ол 1997 жылы саясатқа келгеннен кейін ешқандай коммерциялық істермен айналыспағанын айтады. "Бұл жалған айыптау. Оның ешқандай активтері, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария банктерінде есепшоттары жоқ. Біз өзімізге қарсы тергеу жүргізіп жатқандармен әрқашан ашық сөйлесеміз, жасыратын түгі жоқ. Ақпарат жоққа шығарылған", - дейді Тимошенконың қорғаушысы Сергей Власенко. Украина билігі Януковичтің тұсында Lawrence Graham заң фирмасын жалдап 1990 жылдары Тимошенко мен Павел Лазаренко тұсында Киевте жоғалып кеткен 200 миллион долларды іздестірген болатын. Естеріңізге сала кетейік Юлия Тимошенко 2009 жылы Ресеймен Украинаға тиімсіз газ туралы келісім жасасты деген айыппен 2011 жылы сотталған болатын. 22 ақпанда ол Украина Жоғарғы Радасының шешімімен босатылды. Бұған дейін депутаттар Тимошенко айыпталған декриминализация туралы заңға дауыс берген болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer