18 наурыз 2014 | 13:47

"Театр көктемі" фестивалі басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
иллюстрация ©алаш айнасы иллюстрация ©алаш айнасы

Бүгін Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында дәстүрлі "Театр көктемі" фестивалі ашылды. Театрдағы жаңа қойылымдарының биылғы фестивалі – КСРО халық әртісі С.Майқанованың 100 жылдығына арналып отыр. "Театр көктемі" фестивалінде биыл 4 спектакль қазылар алқасының талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Фестивалдің шымылдығы 18 наурыз күні қоюшы-режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ю.Ханинго-Бекназардың "Бейбарыс" спектаклімен ашылады. Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. 19 наурыз күні А.П.Чеховтың "Апалы-сіңілілі үшеу" драмасы көрермен назарына ұсынылмақ. Аударған –Ә.Бөпежанова, қоюшы-режиссер – ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Р.С.Андриасян. Драма оқиғасы губерндік қалада, зиялылар отбасы Прозоровтардың үйінде өтеді. Апалы-сіңлілі үшеу: Ольга, Ирина және Машаның басты арманы – өздері туып-өскен Мәскеуге кету. Бірақ, олар қанша орайы келіп тұрса да кетіп болмайды. Бір кездері Мәскеу университетінің профессоры болады деп үміт еткен ағалары болса отбасының билігін қолына алған әйелі Наташаға жалтақтайды. Олардың және арман жетегіндегі, бірақ, оның жүзеге асуы үшін шөптің басын да сындырмайтын өзге де кейіпкерлердің шым-шытырық қарым-қатынастары арқылы әркімнің өз драмасы және ол драманың бірнеше астар-ағыны ашылады. 20 наурыз күні Ғарифолла Есімнің "Таңсұлу" драмасы сахналанбақ. Спектакльдің режиссері – А.Кәкішева. "Ел болам десең бесігіңді түзе". Қыз өсіруге ерекше мән берген қазақ үшін осы ұғым – қағида. Толықсып бойжетіп, өз теңіне ұзатылғалы отырған, атына заты сай Таңсұлудың тағдыры ғасырлар бойғы қазақ қыздарының еншісі. Тұтқынға түскен ару, көз құрты болған сұлулығын өз еркімен тәрк етеді. Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да қылаң түсірмейді. Қанша қиын күн туса да мойымай, ұлына бабалар рухын жырлайды... Өзінің мұндай талайлы тағдырын он жасында түсінде көрген Таңсұлу – Ұлы Даланың жазылмаған заңы, тектілік пен намыстың символы десе болады. 21 наурыз күні "Театр көктемі" фестивалі Жабал Ерғалиевтің "Қас қағым" метафизикалық драмасымен жабылмақ. Қоюшы-режиссері Е.Тұяқов. Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан да "жалғызы жолында жан пида" мансапқор әке мен оның тірлігі қорқынышты ортасының "құндылықтары" – қойылымның бірінші қабаты. Бойжеткен Жазира ешқандай дертке ұшырамаған. Психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырығы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады. Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделетуге бастайды. "Театр көктемі" фестивалінде үздік шыққан қойылымдар 21 наурыз күні марапатталмақ. Театр ұжымы көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін мерекелік күндері де жұмыс істемек.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer