19 наурыз 2014 | 10:14

Украина қорғаныс министрлігі әскерилерге Қырымда қару қолдануға рұқсат берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Украинаның Қорғаныс министрлігі украиндық әскерилерге Қырымда қару қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды УНИАН ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Украина Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бұл шешім Симферопольда Украинаның қарулы күшінің жедел қамтамасыз ету бас басқармасының 13-ші фотограмметриялық орталығын әлде біреулер басып алмақ болғанда украиндық әскерилердің қаза табуына байланысты шығарылған. Ол кезде украиндық екі әскери қызметкер де жарақаттанған болатын. Украинаның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, орталыққа шабуыл жасағандардың үстінде Ресей қарулы күшінің әскерилері киетін киім болған және қолдарында автоматты қарулар болған. "Қырыминформ" басылымы Қырымның ІІД сілтеме жасай отырып, әскерилер арасында болған атыс кезінде Симферопольда қырымдық өзін өзі қорғау жауынгерлерінен бір адам және украин әскерінің бір сарбазы қаза тапса, нақ осы екі салалардың тағы екі жауынгері жараланғанын жариялады. Басылымның мәлімдеуінше, қарулы атыс украин әскери бөлімшесі мен өзін өзі қорғау жауынгерлері шоғырланған жерде қатар жүрген. Еске саламыз, наурыздың 18-і күні Ресей Президенті Владимир Путин және Қырым басшылары Қырым мен Севастопольды РФ құрамына қосу туралы келісімге қол қойған болатын. Бұл тұрғыда Украина билігі өткізілген референдумды заңсыз деп тауып, келісімді мойындаудан бас тартқан болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer