19 наурыз 2014 | 10:48

АҚШ бір елдегі барлық телефон қоңырауын тыңдай алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бір елдің аумағындағы барлық телефон әңгімелерін жазып ала алатын жүйе ойлап шығарды. Бұл туралы The Washington Post Эдвард Сноуден мен басқа да ақпарат көздері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның мәліметінше, MYSTIC аталатын аңду бағдарламасы 2009 жылы іске қосылған. Ал оның телефон әңгімелерін жазып алып, жаңғыртатын функциясы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ұрланған жазба мәліметтер қауіпсіздік агенттігінің компьютерлерінде бір ай бойы сақталады. Осы уақыт аралығында талдаушылар олардың бір пайызын ғана өңдеп үлгереді. The Washington Post-тың хабарлауынша, АҚШ 2013 жылы осы бағдарламаны алты мемлекеттің аумағында қолданбақ болған. Қандай елдер екені жария етілген жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ ҰҚА бұрынғы қызметкері Сноуденнің құжаттарын негізге ала отырып, агенттіктің күн сайын дүниежүзі бойынша 5 млрд ұялы телефон қоңырауынан ақпарат жинайтынын хабарлаған еді. АҚШ ҰҚА қызметкерлері әр абоненттің жүрген жерін, оның жасаған байланыстарын және өзгелермен қарым-қатынасын аңди алады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer