19 наурыз 2014 | 12:44

18-і күнгі дауыл 40 нысанның шатырын ұшырып әкетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ng.kz ©Ng.kz

Қазақстанның батыс аймақтары мен Оңтүстік Қазақстанда дауылдың салдары қалпына келтіріліп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Атырау облысында екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғып, 36 нысанның шатыры ұшып кеткен болатын. Оның 16-сы - әлеуметтік нысан, 20-сы - тұрғын үй. Қазір келген шығын көлемі анықталып жаты. Дауыл кезінде 13 елді мекен жарықсыз қалған. Төтенше жағдайды залалсыздандыру жөнінде облыстық және аудандық штабтар құрылды. Жағдайды қалпына келтіруге төтенше жағдайлар саласының 125 қызметкері және жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекет ету жасақтарынан 201 адам атсалысып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Батыс Қазақстан облысында Сырым ауданындағы Қособа елді мекенінде екпіні 22 м/с-ке жеткен күшті жел орта мектеп пен балабақшаның біріккен ғимаратының шатырын құлатты. Құлаған шатырдың жалпы ауданы - 240 шаршы метр. Дауыл салдарын жою жұмыстары Маңғыстау облысында да жүргізіліп жатыр. Қарақия ауданындағы Жетібай кентінде аурухананың 220 шаршы метр болатын шатыры ұшып кеткен еді. Бейнеу ауданындағы Ақжігіт елді мекенінде орта мектеп ғимараты 420 шаршы метр болатын шатырынан айырылды. Қазір бұл елді мекендерде аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. 18 наурыз күнгі дауыл кезінде Түркістан қаласында да №17 орта мектептің 100 шаршы метр болатын шатыры ұшып кетті. Түркістан аумағында екпіні 24 м/с-ке жеткен дүлей жел соққан. Зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын "Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары республиканың бірнеше аймағында қатты дауыл соғатынын ескерткен болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer