19 наурыз 2014 | 14:31

Әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысы тиімсіз деп танылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы. ©Нұрғиса Елеубеков Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы. ©Нұрғиса Елеубеков

Прокуратура Алматыдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысын тиімсіз деп тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қадағалаушы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы үй-күйі жоқ адамдарға арналған жалғыз мекеменің өз жұмысын орындауға шамасы келмей отыр. Тексерістің нәтижесінде Әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Николай Коротицкий жұмыстан шығарылды, ал мекеменің тоғыз қызметкері тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның мәлімдеуінше, орталық құрылған уақытынан бері баспанасы жоқ адамдарға тек қонатын орын және тамақ беруді ұйымдастырумен ғана айналысқан. Ал оларды қалыпты өмір салтына қайта әкелу жөнінде мәліметтер жоқ. Қадағалаушы орган мекемеде медициналық қызметтің көрсетілуіне де кінә қойып отыр. Прокурорлардың мәліметінше, медициналық пункттің жеті қызметкерінің тиісті сертификаты жоқ және атқарып отырған қызметтері бойынша міндетті біліктілік арттырудан өтпеген. Орталық медициналық препараттар мен тағам өнімдерін жоғары бағамен сатып алып отырған. Мекемеде қызметкерлердің жалақысы да тым жоғарылатылған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer