19 наурыз 2014 | 16:46

Өз ақшамыз өзімізге шетелдік инвестиция болып қайтып келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kset.kz сайтынан Фото kset.kz сайтынан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияның аясында ірі компаниялардың қаржысын заңды айналымға шығару жұмысына негізгі басымдық беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) ақпараттық-сараптама департаментінің бастығы Олжас Бектеновке сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны әзірлеу жұмысы басталды. "Аталған құжатты даярлау барысында біз отандық кәсіпорындардың оффшорларды (қаржы орталықтары - авт.) жаппай қолдану тәжірибесіне ерекше көңіл бөлдік. Себебі капиталды тұрақты түрде шетелге шығару мәселесімен қатар Қазақстан үшін стратегиялық компаниялардың құрылымында ашықтық қағидатының болмауы бізді қатты алаңдатады. Қазіргі кезде компанияның соңғы бенефициарын (ақша алушы - авт.) анықтау мүмкін болмай отыр. Осының арқасында заңсыз капиталды рәсімдеп жатады. Ал оның ішінде сыбайлас жемқорлық жолымен келген ақша да бар. Әдеттегідей, ол лас ақшаның барлығы Қазақстанға шетелдік инвестициялар болып қайта келеді", - дейді О.Бектенов. Департамент басшысы атап көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясы қаржы айналымы бойынша мемлекетаралық ақпарат алмасуды да көздейді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer