220 жолаушы Дубайдан Алматыға жете алмай қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Air Astana әуе компаниясының 2023 жылғы 12 мамырдағы КС-898 рейсі (әуе кемесінің типі – "Боинг-767") Дубай - Алматы бағыты бойынша кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 13:55-те техникалық себептер бойынша ұшқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana әуе компаниясының 2023 жылғы 12 мамырдағы КС-898 рейсі (әуе кемесінің типі – "Боинг-767") Дубай - Алматы бағыты бойынша кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 13:55-те техникалық себептер бойынша ұшқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жолаушылар саны - 220 адам. Рейс жолаушылары тамақпен және қонақүймен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың 13 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:48-де әуе компаниясының инженерлері техникалық себептерді жою үшін Дубайға келді. Рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша 21:45-ке жоспарланған. Жоспарланған уақытта ұшу мүмкін болмаған жағдайда, әуе компания басқа рейстермен жеткізу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті пен әуе компаниялар жұмысындағы негізгі басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылатынын атап өткен жөн", - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әуе компания қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдауы керек, бұл рейстердің кешігуіне немесе тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Бұл ретте, заңнамада әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген кезде ұсынылуы тиіс қызметтер көзделеді.

Сонымен кешігу ұзақтығына байланысты алкогольсіз сусындар, ыстық тамақ, қонақ үйде тұру, сондай-ақ қонақ үйге дейін және кері көлік ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген қызметтер тиісінше көрсетілмеген жағдайда әуе компаниялар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer