Сурет әлеуметтік желідегі Kazakhstan Fencing парақшасынан алынды
Жақында Амманда (Иорданияда) семсерлесу спортынан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталып, онда еліміздің жас нояндары сегіз жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аммандағы Азия чемионатында Қазақстан жеткіншектері бір алтын, төрт күміс, үш қола медаль олжалап қайты. Қылыштан жасөспірімдер арасындағы командалық сайыста Қазақстан қыздары бірінші орынға ие болып, Азия чемпиондары атанды. Еліміздің намысын Дана Аманжолова, Айбике Хабибуллина, Диана Паманша, Екатерина Игина сынды бойжеткендер қорғады. Олар финалда Қытай қыздарын 45:37 есебімен ұтты. Қылышпен семсерлескен жеткіншектер (қыздар) арасындағы Қазақстан құрамасы күміс медаль еншіледі. Құрама сапында Әйгерім Сарыбай, Нұрсая Шардарова, Анастасия Гулик, Валерия Галянова төрттігі бақ сынап, ел намысын абыроймен қорғады. Жігіттеріміз де қыздарымыздан қалыспай, командалық сыннан екі жүлде еншіледі. Құрамында Қазбек Серкебаев, Нұржан Кәрімов, Шыңғыс Фазыл және Кирилл Пилипенко сынды бозбалаларымыз өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы қылыштан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екінші орынға ие болды. Ал Рустам Ташметов, Дмитрий Адайкин, Сергей Акентьев және Вадим Шарлаимов төртеуі шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Кейбір талантты нояндарымызы жекелей сында да жүлдеге ілікті. Азияның жасөспірімдер арасындағы біріншілігінде қылышпен семсерлесуден Қазбек Серкебаев күміс, ал Нұржан Кәрімов қола медаль жеңіп алды. Осы Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлдені Әйгерім Сарыбай салып, жеткіншектер арасында қола медаль иеленді. Ал Айбике Хабибуллина қылыштан жасөспірімдер арасында қола жүлдеге қол жеткізіп, үшінші орын алды. Біз еліміздің жас нояндарын тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз. Әрі осы жас таланттарымыз алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғайды деп үміттенеміз.
Жақында Амманда (Иорданияда) семсерлесу спортынан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталып, онда еліміздің жас нояндары сегіз жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аммандағы Азия чемионатында Қазақстан жеткіншектері бір алтын, төрт күміс, үш қола медаль олжалап қайты. Қылыштан жасөспірімдер арасындағы командалық сайыста Қазақстан қыздары бірінші орынға ие болып, Азия чемпиондары атанды.
Еліміздің намысын Дана Аманжолова, Айбике Хабибуллина, Диана Паманша, Екатерина Игина сынды бойжеткендер қорғады. Олар финалда Қытай қыздарын 45:37 есебімен ұтты.
Қылышпен семсерлескен жеткіншектер (қыздар) арасындағы Қазақстан құрамасы күміс медаль еншіледі. Құрама сапында Әйгерім Сарыбай, Нұрсая Шардарова, Анастасия Гулик, Валерия Галянова төрттігі бақ сынап, ел намысын абыроймен қорғады.
Жігіттеріміз де қыздарымыздан қалыспай, командалық сыннан екі жүлде еншіледі. Құрамында Қазбек Серкебаев, Нұржан Кәрімов, Шыңғыс Фазыл және Кирилл Пилипенко сынды бозбалаларымыз өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы қылыштан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екінші орынға ие болды.
Ал Рустам Ташметов, Дмитрий Адайкин, Сергей Акентьев және Вадим Шарлаимов төртеуі шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды.
Кейбір талантты нояндарымызы жекелей сында да жүлдеге ілікті. Азияның жасөспірімдер арасындағы біріншілігінде қылышпен семсерлесуден Қазбек Серкебаев күміс, ал Нұржан Кәрімов қола медаль жеңіп алды.
Осы Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлдені Әйгерім Сарыбай салып, жеткіншектер арасында қола медаль иеленді. Ал Айбике Хабибуллина қылыштан жасөспірімдер арасында қола жүлдеге қол жеткізіп, үшінші орын алды.
Біз еліміздің жас нояндарын тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз. Әрі осы жас таланттарымыз алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғайды деп үміттенеміз.