Жоғалған ұшақты құн төлетіп алу үшін айдап кетуі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 Malaysian Airlines ұшағы. Фото elysplanet.com сайтынан алынды Malaysian Airlines ұшағы. Фото elysplanet.com сайтынан алынды

Жоғалып кеткен Malaysian Airlines әуекомпаниясының ұшағын әлдебіреулер жолаушылар үшін құн төлету мақсатында айдап кетуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости. Ресейлік авиация қауіпсіздігі бойынша сарапшы, Malaysian Airlines (Boeing 777) әуекомпаниясына тиесілі ұшақты кәсіби деңгейі аса жоғары бір топ адам көптеген елден, оның ішінде Ресейден де жолаушылар үшін құн төлетіп алу үшін айдап кетуі де мүмкін. "Бірнеше күннен бері 26 мемлекеттің арнайы қызметінің үздіксіз іздестіру шарасын жүргізгеніне қарамастан ұшақтың қандай да бір бөлшегінің табылмауы, Boeing 777 әуелайнерінің апатқа ұшырамағандығын көрсетсе керек", - деді сарапшы. Керісінше, уақыт өте келе ұшақ бағытының өзгергені туралы ақпараттың тарауы ұшақ бағытын өзгерткен ұшқыштардың бұл іске тыңғылықты дайындалғанын, әр әрекетін алдын ала, тіпті секундына дейін жоспарлағанын көрсетсе керек. Ресейлік сарапшының айтуына қарағанда, Malaysian Airlines әуекомпаниясының жолаушылармен бірге жоғалып кеткен ұшағы "арнайы дайындалған кәсіби топ" мүшелерінің жан-жақты ойластырылған жоспары да болуы мүмкін. "Алдағы уақытта әлгі ұшақ әлдебір үшінші әлем елдеріне тиесілі ескі әуежайлардың бірінде табылып жатса және тірі қалған жолаушылар үшін 14 мемлекеттің үкіметінен, оның ішінде Ресейден де құн төлеуді талап етіп жатса таңғалмауымыз керек", - деді сарапшы. Еске саламыз, Куала-Лумпур-Бейжің бағыты бойынша қатынайтын ұшақтың бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Әуелайнері радар экранынан наурыздың 8-і күні түнгі сағат 02.40-та көрінбей кеткен. Ұшқыш соңғы рет байланысқа шыққанда Малайзия жағалауының шығыс бөлігінен 220 шақырым қашықтықта ұшып бара жатқан еді. Malaysia Airlines ұшағы құлауы мүмкін деп жорамал жасалғанда, 50-ден астам кеме мен 10 мемлекеттің ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізінің әрбір шаршы шақырымын жіті тексерген еді. Алайда іздестіру шарасы әлі күнге нәтиже берер емес. Сол себепті кейбір БАҚ өкілдері ұшақ әлдебіреулердің басқаруымен ұрланып кетуі мүмкін деген болжамдар айтқан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 488.44  course down  532.14  course down  5.66  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer