22 наурыз 2014 | 18:33

Европалық Одақ ресейлік шенеуніктердің жаңа санкциясының тізбесін жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото russiancouncil.ru сайтынан алынды Фото russiancouncil.ru сайтынан алынды

Европалық Одақ Ресей мен Украинаның тағы 12 азаматына санкция енгізді, деп хабарлайды РИА Новости ЕО ресми журналына сілтеме жасап. Бұл тізімнің ішіне вице-премьер Дмитрий Рогазин, РФ президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев, Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко енгізілген. Сонымен бірге тізімде Мемлекеттік Думаның спикері Сергей Нарышкин, депутат Елена Мизулина, РФ президентінің көмекшісі Владислав Сурков және "Россия Сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселев көрініс тапқан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Европалық Одақ 21адамға қатысты санкция енгізген болатын. Олардың ішінде сегізі - Қырым саясаткерлері, оны - Мемлекеттік Дума депутаттары мен Федерация кеңесінің мүшелері және ал үшеуі - жоғары қызметтегі әскерилер. Тізімдегі барлық тұлғаларға Европалық Одаққа кіруге тыйым салынған. Сонымен бірге олардың Европалық банктердегі есеп-шоттары тоқтатылған. Осы тәріздес тізбені АҚШ-тың билігі де жария етті. Мұның ішіне РФ президентінің көмекшісі Андрей Фурсенко, РФ президенті әкімдігінің басшысы Сергей Иванов және оның бірінші орынбасары Алексей Громов, "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов, МемДуманың спикері Сергей Нарышкин, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамының президенті Владимир Янунин және Ресейдің федералдық есірткі айналымымен күрес қызметінің басшысы Виктор Иванов, сондай-ақ, "Ашық акционерлік қоғамы "Ресей Акционерлік Банкі" де енгізілген. Ресей де тоғыз американдыққа қатысты санкция енгізді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer