23 наурыз 2014 | 18:55

Белоруссия Қырымның Ресейге қосылуын мойындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Лукашенко. Фото ©РИА Новости Александр Лукашенко. Фото ©РИА Новости

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Қырымның Ресей Федерациясына қосылуын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Ол сондай-ақ, жартылайаралды Ресей аумағының бір бөлшегі деп те айтып қалды. "Іc жүзінде Қырым Ресейдің бір бөлшегі ретінде тарихқа енді, және жағдайдың өзі соған иетермеледі. Біз Ресей федерациясымен біргеміз. Заң жүзіндегі мәселелер кейінірек бола жатар", - деді Лукашенко журналистерге берген сұхбатында. Айта кетерлігі, жаңа аймақты Ресей құрамына кіргізу туралы заң жобасы 2014 жылы наурыздың 21-і күні күшіне енген болатын. Ресей Президенті Владимир Путин наурыздың 29-ына дейін ол аймақта жергілікті атқарушы биліктің құрылымдық жоспарын мақұлдауды тапсырған. Бұл дегеніңіз аймақта Ресейдің федеральды ведомствосының аумақтық органдары пайда болады дегенді білдірсе керек. Айта кетейік, Батыс саясаткерлері Ресейдің Қырымды қосып алуын сынаумен келеді. Мәселен, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейгтің The Telegraph газетінде жариялаған мақаласында РФ-на түрлі санкциялар жарияланып, әлемнен оқшауланатынын айтқан болатын. Ол өз мақаласында Украина территориясында орын алған жағдайды аннексия деп атаса, референдумның өтуі де, қорытындысы да заңсыз екенін айтқан. Премьер-министр сондай-ақ, Ресейді "кейбір халықаралық ұйымдардан" шығару керектігін де атап өткен. Әлемдік қауымдастықтың санкциялары РФ халқына бағытталмайтынын да айта кетті. Еске саламыз, аймақтың мәртебесін анықтауға арналған референдум 2014 жылы наурыздың 16-ы күні өткен болатын. Ол кезде референдумға қатысқандардың басым көпшілігі Ресейге қосылуға қарсы емес екендіктерін білдіріп, дауыс берген еді. Ал аймақтың Жоғарғы кеңесі тәуелсіздікті жариялаған. РФ президенті Владимир Путин, Қырым басшылары мен Севастополь мэрі Қырым және Севастопольды Ресей құрамына кіргізу туралы келісімге қол қойған болатын. Украина мен көптеген батыс мемлекеті Қырымда өткен референдумды заңсыз деп тапқан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer