Шымкентте анасы өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте анасы өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Шымкент тұрғыны өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді, деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы. Осылайша 37 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікпен қолға түсті. Абай аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары Алмат Абидиновтың айтуынша, әйел өзінің істеген ісін толық мойындаған. Оның 2010 және 2012 жылы туылған қос сәбиі болған. Бұл ретте қыздарының қатты жылағаны анасын ашындырып жіберген. Әйел балаларын ұру арқылы тыныштандырмақ болған. Дәл сол уақытта үйде болған туыстарының айтуынша, анасы балаларын ұрып, тіпті "қабырғаға қарай лақтырып жіберген". Арада біраз күн өткен соң, бас сүйегінің зақымдануынан әйелдің екі жасар қызы қайтыс болған. Ал үлкен қызы ауыр халде ауруханада жатыр. Өз қызын ұрып өлтірген ана қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. "Адам өлтіру" бабы бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети