26 наурыз 2014 | 13:52

Білім беруді қаржыландыру жүйесі қайта қарауды талап етеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Аспандау" ғылыми және білім беру қорының президенті Қанат Нұров "Профессиональный разговор" бағдарламасының студиясында. "Аспандау" ғылыми және білім беру қорының президенті Қанат Нұров "Профессиональный разговор" бағдарламасының студиясында.

Жаннат Ертілесова өзінің "Профессиональный разговор" бағдарламасында "Аспандау" ғылыми және білім беру қорының президенті Қанат Нұровпен бірге Қазақстандағы білім беруді басқарудың тиімді формалары мен әдістері жайлы талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қанат Нұровтың айтуынша, бүгінде директор мектеп жұмысына жауап бере отырып, оның бюджетінің орындалуына ықпал ете алмайды, себебі, орталықтан қаржыландыру жүйесі бар. "Мысалы, маған бюджет берілді және мен сол бюджет шеңберінде оны бір баптан екінші бапқа ауыстырып отырамын. Бұл өте маңызды жайт. Неге мен бюджет параметрін бұзбай-ақ оны еркін басқара алмаймын?", - дейді бағдарлама қонағы. Дегенмен Нұров мырза білім берудің орталықтандырылған жүйесіне қарсы емес. "Функциялар бойынша да, деңгейлер бойынша да ішкі бақылау жүйесі бар. Мысалы, ақшаны пайдаланушы адамның оны бақылауға құқығы жоқ және керісінше. Ал бізде қаржыны бақылайтын адам оны өзі жұмсайды да, кейін жұмсау деңгейіндегі ешнәрсеге ықпал ете алмайтын адамдарды жауап беруге шақырады", - дейді "Аспандау" қорының басшысы. Білім беру жүйесін дамытудағы шетелдік тәжірибе мен әлемдік үрдістер жайлы толығырақ бағдарламаның өзінен тыңдай аласыздар. "Профессиональный разговор" бағдарламасы бүгін сағат 20.30-да - "СТВ" телеарнасының эфирінде.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer