26 наурыз 2014 | 14:49

2014 жылы қазақстандық жолдардың 2 миллион шаршы метрге жуығы жөнделеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

2014 жылы Қазақстанда республикалық жолдардың 1,7 млн шаршы метрін шұңқырлық жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Казахавтодор» РМК хабарлауынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жол жамылғысын жөндеу бойынша көктемгі жұмыстар басталған. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігіндегі ақауларды жою үшін бірқатар жұмыстар көзделген: асфальт-бетонды жамылғыда шұңқырлық жөндеу жұмыстары (1200 мың м2), жүру бөлігін маршруттық тәсілмен жөндеу (95 мың м2), тегістеу қабатын ретке келтіру (66 мың м2), жолтабандар мен жоталарды жою (388 мың м2). Бұдан тыс, жоспарға сәйкес ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20,1 мың километрге созылған жүру жолының жол таңбаларын салу, 8 мыңнан астам жол белгілерін құру және ауыстыру, 17 мың метр жол қоршауының жөнделуі көзделген. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында республикалық маңызы бар жолдарында шұңқырлық жөндеу жұмыстары басталды. Техникалық регламентке сәйкес, бұл жұмыс барлық облыстарда қар еріп, қолайлы күн райы болғаннан кейін басталады. Өткенде бұрынғы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев 2020 жылы қазақстандық жолдардың көптеген бөлігі жақсаратынын хабарлаған болатын. "Бізде жолдардың 80 пайызының сапасы қанағаттанарлық деңгейде болады, ал 19 пайызы нашар деңгейде қалады. Бірақ біздің территориямыз өте үлкен болғандықтан, бұл көрсеткіш жақсы деп есептейміз",- деді Жұмағалиев Үкімет отырысы залының сыртында болған әңгімеде.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer