Рысқалиев ісі бойынша адвокаттар сотқа қарсылық білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ©Баубек Қоңыров Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ©Баубек Қоңыров

Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бойынша адвокаттар сотты Атырау облысында өткізуге қарсылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-тің арнаулы тілшісі сот залынан. Сот барысында адвокаттар Тағыр Сисенбаев пен оның әріптесі Игорь Вранчев Атырау облысының судьяларына қарсылық мәлімдеді. "Қорғаушылар мен айыпталушылар Атырау облысы соттарының барлық инстанциясының туралығына және сот төрелігінің әділ болатынына күмән келтіреді. Бұл жайт қарсылық білдіру және олардың қылмыстық істі қарауға қатысуына жол бермеу жөнінде арыздануға түрткі болып отыр. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьяларына қылмыстық істі жан-жақты әрі объективті қарау үшін оны басқа сотта өткізу туралы қарсылық білдіреміз", - деді Сисенбаев. Адвокаттың пікірінше, аталған сот судьялары істің жан-жақты әрі объективті қаралуын қамтамасыз ете алмайды, сол себепті олар істі қараудан аластатылуы керек. Бұл пікірді адвокат Айгүл Орынбекова да қолдап, адвокаттардың уәжі жеткілікті болғандықтан Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай бұл өтініштің құпталуы тиіс екенін айтты. Осындай мәлімдемелерден соң судьялар кеңесу бөлмесіне кетті. Кейін Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың басқа судьясы Гүлнәр Қаженова қорғаушылардың өтініші қанағаттандырылмағанын жеткізді. "Адвокаттар Сисенбаев пен Вранчевтен Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының және облыстың барлық сотының құрамына қарсылық білдіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште қаралып жатқан қылмыстық іс жасанды түрде саясиландырылған, облыстың сот құрамы объективті бола алмайды деген уәж келтірілген. Сот бұл өтініштің екінші қайтара жазылғанын, ол бойынша айыпталушылар шағымының бұған дейін де қаралғанын айтты. Бұл іс бойынша судья тікелей немесе жанама түрде мүдделі деуге негіз болатын жайттар жоқ. Мұндай жағдайда адвокаттар келтірген қарсылық қабылданбайды", - деді ол. Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты істің 777 томнан тұратынын айта кетейік. Сотқа екі мемлекеттік айыптаушы - Ақылбек Қаражанов пен Тұрсынай Бурабаева, аудармашы Салтанат Жұмағазиева, айыпталушылардың 10 қорғаушысы, бес жәбірленуші, жәбірленуші тарап өкілдері, 22 айыпталушы қатысып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, процеске Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Дәулетова төрағалық етуде. Қосалқы судья ретінде Жұмағали Тәшімов тағайындалды. Рысқалиевтің қылмыстық тобының мүддесін 20 адвокат қорғайды, олардың жартысынан астамы мен айыпталушылардың өздері бұған дейін облыстың барлық судьясына сенбейтінін айтып, қарсылық білдірген болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топ жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасағаны үшін айыпталып отыр. Бұл қылмыстардың кесірінен мемлекетке 71 млрд теңгеден астам шығын келген. Қаржы полициясының арқасында залалдың 23,6 млрдын қайтару мүмкін болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro