250-ден астам жамбылдық баспаналы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысына қарасты Талас және Қордай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 252 отбасы баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысына қарасты Талас және Қордай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 252 отбасы баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаратау қаласында екі көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Нәтижесінде кезекте тұрған 192 таластық баспана бақытына ие болды. Жыл басында 80 пәтерлі тұрғын ел игілігіне тапсырылған болатын. Талас ауданының әкімдігі кезекте тұрған 1487 азаматтың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қордай ауданында да 60 азамат пәтер кілтін иеленді. Олардың қатарында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар мен кезегі келген тұрғындар бар.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр.

Сонымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 345 пәтер және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен 1 221 пәтер сатып алу жоспарланған.

Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен 1 105 пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жалпы, биыл кезекте тұрған жамбылдықтарды тұрғын үймен қамту көрсеткішін 227,1 пайызға (2023 ж. 100,2%) арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 2 173 кв жалға берілетін тұрғын үй (2023 ж. 1 122 кв), 2 151 кв әлеуметтік несиелік тұрғын үй (2023 ж. 782 кв) беру көзделген.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметімен ұсынылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro