26 наурыз 2014 | 15:42

Қазақстанда алғаш рет журналисті қамау туралы сот шешімі шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kontrakty.ua сайтынан Фото kontrakty.ua сайтынан

Ақтөбе қалалық соты журналист Наталья Садықованы қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қалалық соты журналист Наталья Садықованы қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорына сілтеме жасап. 

Қор ақпаратына сәйкес, ақтөбелік журналист Наталья Садықоваға қатысты жала жапқаны үшін қылмыстық іс қозғалып отыр. Аталған іс экс-депутат Марат Итеғұловтың арызы бойынша қозғалған болатын. Оның айтуынша, журналист Садықова "Республика" порталына шыққан "Тендерлер барлығына бірдей жетпейді" (орыс. -"Тендеров на всех не хватает") атты мақала арқылы оған жала жауып, атақ-абыройына нұқсан келтірді. Мақала Бақыт Ілиясова деген лақап атпен өткен жылы желтоқсан айында жарыққа шыққан. Онда Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алуалар үшін күрестің қалайша жүргізілетіні туралы баяндалған. 

"Наталья Садықованың өзі мақалаға еш қатысым жоқ деп мәлімдеді. Ол туралы ол ақпан айында ішкі істер департаментінде өткен тергеу кезінде де айтқан болатын. Натальяның айтуынша, соттың істі қарауы туралы оны ешкім ескерткен жоқ. Наурыздың 17-сі күні соттың алғашқы отырысы өтіп, онда Ақтөбе қалалық сотының судьясы Рәзия Құстанова журналисті қамауға алу туралы сырттай сот шешімін шығарды. Наталья отбасымен бірге Украинада болған. Ол жаққа Садықова наурыздың 9-ы күні кетіп қалған болатын", - делінген "Әділ сөздің" ресми хабарламасында. ҚР Қылмыстық кодексінің 3-тармағы, 129-бабы бойынша жала жапқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer