26 наурыз 2014 | 16:28

Голливуд фильмдері Қырымда көрсетілмейтін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Америкалық ірі кинокомпаниялар, оның ішінде Paramount Pictures, Sony Pictures, Universal, 20th Century Fox Голливуд фильмдерін Қырымда көрсетпеу үшін ресейлік дистрибьютерлерге фильмдер беруден бас тартты. Бұл туралы "Новости Крыма" порталына Шевченко атындағы кинотеатр директоры  Владимир Мирошниченко айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz">Tengrinews.kz. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық ірі кинокомпаниялар, оның ішінде Paramount Pictures, Sony Pictures, Universal, 20th Century Fox Голливуд фильмдерін Қырымда көрсетпеу үшін ресейлік дистрибьютерлерге фильмдер беруден бас тартты. Бұл туралы "Новости Крыма" порталына Шевченко атындағы кинотеатр директоры  Владимир Мирошниченко айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz">Tengrinews.kz. 

Оның айтуынша, америкалық менеджерлер Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайды. "Мұндай жағдайда біз әлемдік өндірушілердің фильмдерін украин, орыс тілдерінде ала алмаймыз. Нәтижесінде қырым жаңа фильмдерді көре алмайтын болады", дейді кинотеатр директоры. 

Мирошниченконың айтуынша, қырым кинотеатрларында Украин фильмдерін көрсетуге ешқандай заңдық негіз жоқ. "Егер Paramount бізге Ресей территориясына қарайтынымыщз үшін  фильмдер бермейтін болса,  онда біз украиналық B&H компаниясынан алуымыз керек. Алайда оларға берілген прокаттық куәлік Ресейде мойындалмайды", дейді ол. 

Басылымдардың жазуынша, кино саласындағы күштеп "украиназациялау", яғни кинолардың барлығы укарин тілінде дубляж жасалуы керек деген Украина конституциялық сотының шешімі адамдардың кинотеатрларға баруын сиреткен. Жергілікті басылымдар жүргізген сауалнамаға сәйкес, Қырым тұрғындарының 35 пайызы "украиназациядан" кейін кинотеатрларға баруды қойған. Ендігі уақытта көрермен кинотеатрларға қайта келе бастайды деп үміттенеміз дейді Мирошниченко. 

Алдағы уақытта Ресейде кинотеатрлар шетелдік киноларды көрсетуді азайтуы мүмкін. Мемлекеттік думада әзірленіп жатқан заңға сәйкес, таяуда Ресей кинотеатрларында 50 пайыз шетелдік, 50 пайыз ресейлік фильмдер көрсетілмек. 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer