26 наурыз 2014 | 17:48

Алматыда троллейбус жүргізуші әйелдер жалақының аздығына шағымданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Әлішер Ахметов ©Әлішер Ахметов

Алматыда троллейбус жүргізетін әйелдер жалақының төмендігін айтып шағымданды, - деп хабарлайды TengrinewsTV

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда троллейбус жүргізетін әйелдер жалақының төмендігін айтып шағымданды, - деп хабарлайды TengrinewsTV

Он жүргізуші жұмыстарының ауыр екеніне қарамастан жалақыларының аздығын айтып берді. Олардың айтуынша, жүргізушілер тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істейді, ал алатын айлығы уәде етілгеннен бірнеше есе аз. Троллейбус жүргізушілерінің бірі Александра Колпакова бұрын жағдайдың әлдеқайда жақсы болғанын айтады, №1 троллейбус паркіне жаңа басшы келгелі бәрі өзгерген. "Бізде өте жақсы басшы болған еді. Ол паркте 40 жылдан артық уақыт жұмыс істеді. Ол жүргізушілер үшін қызылкеңірдек болатын, әрқашан жалақымызды айырып отырды. Ал кейін бір жанжал болып, оны алып тастады. Бізге оны басшы ретінде қайтарсын", - дейді жүргізуші.

Наразы әйелдердің сөзіне қарағанда, күндізгі жоспар 100%-ға орындалмаса, оларға ақша төленбейді екен. Бұған қоса, көп жағдайда жүргізушілер паркке қарыздар болып қалып жатады. "Мен екі апта бойы ауруханада болдым, кейін екі апта жұмысымды өтедім, бірақ жарты ай үшін бес мың теңге алдым", - дейді жүргізуші Юлия Керкушко. Оның әріптесі Олеся Власованың айтуынша, троллейбус жүргізушілері әкімдікке осы мәселемен бірнеше рет шағымданған, алайда әлі ешқандай жауап жоқ. "45 мың теңгеге төрт баламен пәтер жалдап тұру мүмкін бе? Бізге кезінде 120 мың теңге айлық беруді уәде еткен еді. Декретке шықтым да, осындай қайтып келдім, өйткені басқа жұмыс қолымнан келмейді. Бала кезімнен троллейбус жүргізушісі болуды армандадым. Ал мұнда бізді кемсітіп, қорлайды", - дейді Власова.

 Бұған дейін №1 троллейбус паркінің үстінен қарайтын "Алматыэлектротранс" ЖШС басшылығы жүргізушілердің көбінің айлық жалақысы 200 мың теңге екенін, ал қалғандарының нашар жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын. Ал троллейбус жүргізушілері бұқаралық ақпарат құралдарына жалақы мардымсыз болғандықтан, жолақы ретінде түскен қаржыны жымқыруға мәжбүр екенін мойындады. Жүргізуші Арман Жұмабай бір айда жалақысының 48 мың теңгеден аспағанын айтты. Журналистер сауалнама алған компания қызметкерлерінің орташа айлық табысы 30-50 мың теңге аралығында болып шықты. Кейін осындай сұхбат бергені үшін Арман Жұмабай жұмыстан қуылды. "Алматыэлектротранс" ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Хабиболла Сайдоллаевтың айтуынша, қызметкердің әлгі мәлімдемесі компанияның имиджіне кері әсер еткен.

Еске сала кетейік, құрамына №1 троллейбус паркі кіретін муниципалдық автобус паркінің басшылығына жол билеттерін сатудан түскен 76 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Компания басшыларының уәжіне қарағанда, бұл - жолақыны есептейтін электронды жүйенің жетілмеуі салдарынан жиналып қалған "виртуалды сома". "Алматыэлектротранс" өкілдерінің айтуынша, компания ешқандай шығынға батып отырған жоқ және өз қызметкерлерін жұмыстан шығаруды жоспарламайды. Муниципалдық автобус паркінің айлық табысы 230 млн теңгеге жуықтайды. Хабиболла Сайдоллаевтың айтуынша, соның ішінде, троллейбус паркі айына 60 млн теңге табыс табады, ал трамвай ісі - 15 млн теңге. "Біз Еуропа қайта құру және даму банкі алдындағы несие міндеттемелерін өз уақытында төлем тұрамыз", - дейді Сайдоллаев.



Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/jenschinyi-voditeli-trolleybusov-v-almatyi-pojalovalis-na-nizkuyu-zarplatu-252523/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz


Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/jenschinyi-voditeli-trolleybusov-v-almatyi-pojalovalis-na-nizkuyu-zarplatu-252523/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz



Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/jenschinyi-voditeli-trolleybusov-v-almatyi-pojalovalis-na-nizkuyu-zarplatu-252523/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer