27 наурыз 2014 | 10:55

Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған жолаушылар 8 күн түнеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ауа райының қолайсыздығынан Ақтөбе облысындағы күре жол бойында қалып қойған жолаушылар мен көлік жүргізушілері бүгін 8-ші күн қатарынан үйлерінен тысқары жерде түнеуде. Оған боранның қатты соғуы себеп болуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Диапазонға" сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ауа райының қолайсыздығынан Ақтөбе облысындағы күре жол бойында қалып қойған жолаушылар мен көлік жүргізушілері бүгін 8-ші күн қатарынан үйлерінен тысқары жерде түнеуде. Оған боранның қатты соғуы себеп болуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Диапазонға" сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғанындай, желдің қатты соғуынан жолдарды қар басып қалып, көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. Күрежол бойында ондаған көлік қалып қойған. "Көлік саласы қызметіне жұмыс істеп жүріп, мұндай боранды алғаш көруім. Желдің өтіне барғанымда тірі қалатыныма сенімсіздік танытқаным рас. Ол жерде орын алған жағдайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - деді "Қазақавтожол" РМК өкілі Әсет Сүйінов.Жолаушылар

Қар құрсауында қалып қойған бір жолаушы боранның қатты соққаны соншалық Газельді толықтай қар басып қалғанын, ресейлік құтқарушылар жол бойында қалып қойған адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, кейбір жолаушыны жақын маңдағы елді-мекенге жеткізгенін де айтты.

"Ауыл тұрғындары жолаушылар тоқтаған мектепке тұздан бастап, етке дейін тасыды. Адамдар бір біріне түсіністікпен қарап, мейлінше көмек көрсетуге тырысып бақты", - деді Ащылысай орта мектебінің директоры Лариса Ильчевская.

Алайда кейбір жолаушылар жолда қалған адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілмегенін, керісінше уақытша қиыншылыққа тап болғандарды мейлінше қанауды көздеп, бір дана бәлішті 200, ал лағманды 1000 теңгеге сатқандардың да болғанын айтып қалып жатты. Арада екі күн өткенде елді-мекендерге жеткізілгендер 11 шақырым қашықты жүріп өтіп, көліктеріне жаяу барғанын, жолаушылар көліктерді қардан өз күштерімен аршып алғанын, ТЖМ жолаушыларға байланысқа шықпағанын да айтқандар болды.    

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer