27 наурыз 2014 | 15:03

Парламент "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото flickr.com сайтынан алынды Фото flickr.com сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәжілістің пленарлық палатасынан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәжілістің пленарлық палатасынан.

Депутаттар отырыста одан басқа "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Екі заң жобасы да теңге бағамын АҚШ долларына қатысты түзетуге байланысты әзірленген.

ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті биыл отандық тауарларды шетелге экспорттаудан 86,3 млрд. доллар түсім түседі деп тұспалдауда, бұл бұрын мақұлданған болжамнан 1,6 млрд долларға жоғары. Ал тауар импорты 52,2 млрд. долларды құрайды, бұл бұрын мақұлданған болжамнан 6,4 млрд. долларға төмен. Инфляция параметрлері жылдың аяғына дейін болжаммен 6-8 пайыз дәлізінде сақталады.

Бюджетке түзетулер енгізу шеңберінде кейбір мемлекеттік бағдарламаларға қосымша қаражат бөлу көзделген. Бұл ретте "Балапан" бағдарламасына 6,7 миллиард теңге, "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына 20,8 миллиард теңге, "ТҮКШ жаңғыртуға" - 8 миллиард, ал "Агробизнес - 2020" бағдарламасын іске асыруға 17,7 миллиард теңге бөлінетін болды.

Бұдан бөлек, "ЭКСПО - 2017" халықаралық ма­мандандырылған көрмесін ұйымдас­ты­ру­дың және өткізудің ұлттық жоспарын іске асы­руға тағы 10 млрд теңге қосымша қаржы қарастырылған. 2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдерінің нақтыланған болжамы бекітілген бюджетпен (5 773, 7 миллиард теңге) салыстырғанда  432,5 миллиард теңгеге өсе отырып, 6 206,1 миллиард теңге көлемінде айқындалды. Кірістер жоспарлары (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда)  331,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 4 361,2 миллиард теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 408,7 миллиард теңгеге өсумен 7 124,8 миллиард теңге сомасында көзделеді.

Кірістің артуы 505,5 миллиард теңге көлемінде болжануда. Бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің 191,5 миллиард теңгеге артуы есебінен жалпы сомасы 303,3 млрд теңге болатын долларға шаққандағы теңге курсының өзгеруі мен 2014 жылғы 1 сәуірден бастап мұнайдың экспортында барреліне 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ доллары кедендік баж салығының артуы, сонымен қатар өзге де шығын көрсеткіштері 10,7 миллиард теңгені құрады.

Екінші заң жобасына қатысты айтсақ, доллар бағамының 185 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің 2014 жылға бекітілген мөлшері 100 миллиард теңгеге ұлғайтылды және 1 480 миллиард теңгені құрайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer